26.06.2013, 16:42 3123

Алматыда Ил-Фараби даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 28-30 маусым аралығында Алматыда инженерлік коммуникациялардың төселуіне байланысты Ил-Фараби даңғылының Хамит Ерғали өзенімен қиылысында қозғалыс уақытша тоқтатылады.

Алматы. 26-маусым. Kazakhstan Today - Алматыда Ил-Фараби даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 28-30 маусым аралығында Алматыда инженерлік коммуникациялардың төселуіне байланысты Ил-Фараби даңғылының Хамит Ерғали өзенімен қиылысында қозғалыс уақытша тоқтатылады.

Алматы ІІД ЖПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28-нен 29 маусымға қараған түні сағат 22:00-ден таңғы 7-ге дейін Ил-Фараби даңғылының шығыс бағытында көлік құралдарының қозғалысына уақытша өзгерістер енгізіледі. Ал уақытша қозғалыс Ил-Фараби-Жароков көлік айрығы арқылы ұйымдастырылады.

29-30 маусымда сағат 22:00-ден таңғы 7-ге дейін Ил-Фараби даңғылының батыс бағытында автокөлік құралдарының қозғалысы шектеледі. Ал оның орнына Шашкин көшесімен жүруге болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны