19.04.2007, 11:38 1824

Алматыда алғаш рет Азия-Тынық мұхит аймағының экономикалық және әлеуметтік дамуы туралы шолу дайындалды

АЛМАТЫ. 19 сәуір. Kazakhstan Today. Алматыда алғаш рет Азия-Тынық мұхит аймағының 2006 жылғы экономикалық және әлеуметтік дамуы мен оның 2007 жыл мен орта мерзімді даму болашағы туралы шолу дайындалды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі хабарлайды.

Баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылардың айтуынша, Орта Азияда алғаш рет БҰҰ Қазақстандағы елшілігі ҚР СІМ бірлесіп Алматыда "На передовой волне сквозь время неопределенности" атты шолудың таныстыру рәсімі өтті. Оны БҰҰ Азия және Тынық мұхит елдері бойынша Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы дайындаған.

Таныстыру рәсімінің ерекшелігі - шолу бір мезгілде әлемнің 20 қаласында жұртшылық назарына ұсынылды. Олар - Алматы, Бангкок, Пекин, Канберра, Коломбо, Даккеа Женева, Ханой, Исламабад, Джакарта, Катманду, Куала-Лумпур, Манила, Мәскеу, Нью-Дели, Нью-Йорк, Сеул, Сингапур, Сува мен Токио.

Шолу Азия-Тынық мұхит аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен күнделікті өміріндегі ең маңызды қауіптер мен тәуекелдерді қарастырады",-деді өзінің бейнежолдауында БҰҰ Азия және Тынық мұхит елдері бойынша Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының атқару хатшысы Ким Хак Сун.

Бұл аймақтың экономикалық дамуы әлемде ең жоғары болып, 7,9 % құрады. Осы аймаққа әлемдің ІЖӨ 16% немесе жалпы әлемдік өсудің үштен бірі келді",-деді ол.

Сонымен қатар Ким Хак Сун өткен жылы аймақтың экономикасы жалпы әлемдік сауда және монетарлық саясатқа және инфляциялық жағдайларға қатты әсер етті деді.

Өз кезегінде БҰҰ Азия және Тынық мұхит елдері бойынша Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы сарапшысы Болат Тәтібеков шолудың 2007 жыл мен орта мерзімді болашақта дамуы туралы негізгі бағыттарға тоқталды. "2007 жылы инфляция деңгейі өткен жылғыдай қатты алаңдаушылық туғызбайды",- деді Б.Тәтібеков. "Биыл инфляция деңгейі төмендейді деп күтілуде. Бұл негізінен мұнай бағасының арзандауына байланысты",-деп түсіндірді ол.

Шолудағы деректер бойынша, "2007 жылы аймақтың даму қарқыны 7,4% болмақ, "аймақтық даму Қытай мен Үндістанынң күрт дамуы мен Жапония экономикасының жандануымен анықталмақ". Бұл ретте 2007 жылдың ең маңызды көрсеткіші "валюталардың айналма бағдамдарымен басқаруы" болмақ.

Ал орта мерзімді болашақта аймақтағы басты қиындықтар - теңсіздік, халық санының азаюынан "дивиденттерді" пайдалану, урбанизация процесстерін басқару болмақшы. Сонымен қатар, аймақта инфрақұрылымдарды дамыта түсу мен экологиялық мәселелерді "жасыл экономика" арқылы шешу жоспарлануда деп көрсетілген шолуда. Б.Тәтібековтың айтунша, Азия-Тынық мұхит аймағында гендерлік теңсіздік аймақ елдерінің экономикасына үлкен шығын әкелуде дейді. Аймақта әйелдердің қызмет көрсету аясына бара алмауынан бұл өңір жылына 42-47 $ млрд шығын көреді екен",-деді ол. Бұл ретте ең көп шығынды Үндістан, Малайзия мен Индонезия көріп отыр.

Қазақстан үшін ең маңыздысы демографиялық мәселе болып тұр дейді сарапшы. "Қазақстан- жері кең де, халқы аз ел. Оның экономикалық дамуына адам қажет",-деді ол.

Баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылардың ақпаратынша, таныстыру БҰҰ АТЭИК 63-ші сессиясына дайындық аясында өтті. Алқалы жиын 2007 жылы мамырдың 15-23 аралығында Алматыда өтпек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны