01.07.2018, 22:40 4242

Алматыда алғаш рет Ұлттық Домбыра күніне арналған салтанатты шаралар өтті

Панфилов көшесінде домбырамен дәстүрлі әндерді атақты орындаушылардыӊ фотокөрмесі болды.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan Today - Оӊтүстік астана Ұлттық Домбыра күнін атап өтті. Мерекелік шаралар 1 шілдеде сағат 11.00 ден 21.00 аралығында Панфилов, Жібек жолы көшелерініӊ бойы мен Ықылас атындағы халық музыка аспаптары музейінде өтті.

Мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін сурет салудан, түрлі бұйымдарды жасаудан, домбыра тартуды үйренуден шеберлік-сыныптары өтіп, ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарыныӊ, дәстүрлі музыка орындаушыларыныӊ фотокөрмелері ұйымдастырылады, домбыра тартудан конкурс өтеді, музыкалық викториналар мен күй шертетін домбырашылардыӊ концерті болады. Еӊ кішкентай қонақтарды түрлі қызық ойындар, арнайы көӊіл көтерулер: фейс арт, балмұздақ, кекстер мен түрлі тәттілер күтеді, бұларда домбыра бейнеленген.

Бұлардан өзге, Жібек жолы көшесінде сағат 12.00-де Құрманғазыныӊ "Балбырауын", "Адай", Н.Тілендиевтіӊ "Ата толғауы" және басқа да шығармаларды орындайтын 500 домбырашыдан құралған флешмоб ұйымдастырылды.

Панфилов көшесінде домбырамен дәстүрлі әндерді атақты орындаушылардыӊ фотокөрмесі болды.

Салтанатты шара декоративті жарықпен нұрланған музейде Дәурен Раевтыӊ, Сымбат Илімбетованыӊ, "Сазген сазы" ансамблініӊ және басқаларыныӊ өнер көрсетуімен аяқталды.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны