01.07.2018, 15:14 8040

Алматыда алғашқы халықаралық "Almaty Film Festival" кинофестивалі өтеді

Алматыда 15-19 қыркүйекте "Мәдениетті жақындату" айдарымен алғашқы халықаралық "Almaty Film Festival" кинофестивалі Алматы қаласы әкімдігініӊ қолдауымен өтеді.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда 15-19 қыркүйекте "Мәдениетті жақындату" айдарымен алғашқы халықаралық "Almaty Film Festival" кинофестивалі Алматы қаласы әкімдігініӊ қолдауымен өтеді. Халықаралық "Almaty Film Festival" кинофестивалініӊ президенті отандық режиссер Ақан Сатаев.

"Almaty Film Festival" - киноматографистердіӊ халықаралық ынтымағын дамытатын және Алматыға халықаралық жобаларды тартатын мәдени жоба. Бұл жоба қаланыӊ халықаралық аренада республикамыздыӊ мәдени және туристік орталығы имиджін айшықтай түсетін үлкен мүмкіндік.

Кинофестиваль аясында мазмұнды 5 күндік бағдарлама жүзеге асады. Кинофестиваль "қызыл кілем" үстімен отандық және әлемдік киноиндустрия жұлдыздарыныӊ жүріп өтуімен ашылады, мерекелік концерт, "Кинематографияныӊ дамуына қосқан үлесі үшін" марапттаулары өтеді. Кинофестивальдіӊ жабылуы барысында оныӊ қорытындысы шығарылып, конкурс жеӊімпаздарына жасаған киножұмыстары үшін сыйлықтар тапсырылады.

Конкурстыӊ басты тақырыбы - "Мәдениетті жақындату". Шара кезінде 2018 жылдыӊ кинокартиналары көрсетіледі, олар екі және одан да көп елдіӊ ко-өнімдері болып табылады.Конкурсқа көпжылдық серіктестік қалыптасқан және халықаралық кинофестивальдерге қатысқан елдіӊ ко- өнімдері болып табылатын фильмдер жіберіледі.

Негізгі конкурс фильмдері номинацияланады және мына категориялар бойынша марапатталады: "Гран-при", "Үздік режиссерлік жұмыс үшін", "Үздік еркек рөлі үшін", "Үздік әйел рөлі үшін", "Жюридіӊ арнайы жүлдесі".

Сонымен қатар конкурстан тыс бағдарламалар көрсетіледі, олар: "Мәдени және табиғи мұра, туризм мен спорт", "City in motion", "Балалар және отбасылық кино", "Almaty Vine Fest".

"Almaty Film Festiva" бизнес форумын өткізу жоспарланған, оныӊ барысында дөӊгелек үстелдер, панелді дискуссиялар, шеберлік сыныптары және басқалары ұйымдастырылады.

Қонақтар арасында және жюри құрамында халыаралық және жергілікті ассоциациялардыӊ, дистрибутерлік медиа компаниялардыӊ әлемдік кинокомпаниялардыӊ өкілдері, қоғам қайраткерлері, қазақстандық артистер мен режиссёрлар болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны