10.09.2018, 21:42 7655

Алматыда алғашқы халықаралық жазушылар форумы өз жұмысын бастады

Илемніӊ 16 елінен келген қаламгерлер заманауи әдебиеттіӊ қордаланған мәселелерін талқылауға жиналған. Нобель сыйлығыныӊ номинанттары, танымал жазушылар, философтар мен бестселлер кітаптардыӊ авторлары қалада үш күн болады

Алматы. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда алғашқы халықаралық жазушылар форумы өз жұмысын бастады. Илемніӊ 16 елінен келген қаламгерлер заманауи әдебиеттіӊ қордаланған мәселелерін талқылауға жиналған. Нобель сыйлығыныӊ номинанттары, танымал жазушылар, философтар мен бестселлер кітаптардыӊ авторлары қалада үш күн болады, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Илемдік әдебиетте ойып тұрып өз орнын тапқан танымал жазушылар мен ақындар Алматыда бас қосты. Олар ХХІ ғасырдағы әдебиеттіӊ мән-маӊызы мен рөлін талқылайды. Жаһандану заманында оқырмандардыӊ назарын смартфондар мен гаджеттер өзіне қаратып, кітап оқып отырған адамды көру мұӊға айналды дейді олар.

"Оқырмандар деӊгейі төмендеп барады. Кітап оқып отырған адамды көру мұӊ болды. Дегенмен, бұған ғаламторды кінәләй берудіӊ қажеті шамалы. Қазір блог оқу кітап оқығанмен бірдей. Мысалы, меніӊ елім - Польшада кітап оқу көрсеткіші өте нашар. 2017-ші жылы 18-25 жас аралығындағы азаматтар, яғни халықтыӊ 35 пайызы өмірінде мүлдем кітап оқып көрмеген. Бұған қарсы шара қолдану қажет. Ал сіздерде кітап оқу деӊгейі жоғары деп айта аламын", - деді жазушы (Германия) Януш Леон Вишневский.

Заманауи шығармалардағы қозғалатын тақырыптар оқырмандарға қызық емес. Бұл да бір проблема дейді қаламгерлер. Жеке адамныӊ табысы мен қаржылық сауаттылық туралы шығармалар роман, повестерді шаӊ қаптырып кетті дейді Нобель сыйлығыныӊ номинанты Атанас Ванчев Дьо Траси. Бірақ француздық ақын қазақ әдебиетініӊ шетелде сұранысқа ие екенін алға тартты. Тек отандық авторлардыӊ шығармалары сапалы аударылса дейді.


"Қазақстандық туындылар біздіӊ оқырмандар үшін экзотика іспеттес. Байтақ дала, таулар, осылардыӊ бәрі француздарды өзіне тартады. Қазір осындай шығармалар арқылы Қазақстанды тани бастады. Бұл мақсатта Қазақстанныӊ Париждегі елшілігі үлкен жұмыс атқарып жатыр. Ибдіжәміл Нұрпейісовпен таныстырған да осы елшілік болатын. Бірақ мен үшін бұл автордыӊ 600 беттік шығармасын аудару өте қиынға түсті", - деді ақын (франция) Атанас Ванчев Дьо Траси.


Ал жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаев оқырманныӊ қызығушылығын арттыру үшін кітаптыӊ тиражын көбейту керек дегенді алға тартады. Сонымен қатар, туындылардыӊ бағасы да қалтаға ауыр тимейтіндей болуы шарт дейді жазушы. Өзге мемлекеттерде кітап бизнесі өте жоғары бағаланатын көрінеді.

"Еӊ негізгі мәселе - кешегі Кеӊес Одағыныӊ тұсында 50 мыӊ, 100 мыӊға дейін таралған кітаптарымыз қазір 2 мыӊнан 5 мыӊға әреӊ жететін болды. Дегенмен, кітапты тарату мәселесі, сатып алу мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Кітапты шығару: кітапты сатып алу, оны шығару және тарату деген 3 бөліктен тұрады. Бізде соӊғы кезде жаӊа шығармаларды Мәдениет министрлігі сатып алатын болды. Шығаруды да қолға алды. Енді тарату мәселесі жүзеге аспай жатыр. Тарату деген бұл кітапты саудаға шығару. Дүниежүзініӊ бәрінде кітап - бизнестіӊ еӊ жақсы дамыған түрініӊі бірі", - деді жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаев.


Бұл әдебиет саласындағы мәселелердіӊ жартысы ғана. Ал өзге әӊгіме үш күн бойы форумда талқыланады. Айта кетейік, Халықаралық жазушылар форумы қала күніне орай "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны