13.07.2018, 14:38 5601

Алматыда алып "Құрақ көрпе" қала күніне орай тігіліп бітеді деп күтілуде

Атап өтерлігі, құрақ көрпеніӊ жалпы көлемі 27 мыӊ шаршы метрден аспақ. Осылайша, әлемдегі еӊ үлкен көрпе бойынша рекорд орнатқан Португалияныӊ Порто қаласын басып озбақ. Оныӊ көлемі 400 шаршы метрді құраған.

Алматы. 13 шілде. Kazakhstan Today- Алматыда алып "Құрақ көрпе" қала күніне орай тігіліп біреді деп күтілуде,- деп хабарлайды Kazakhstan Today "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Илемдегі еӊ үлкен құрақ көрпе Алматыныӊ қала күнінде тарту етіледі. Ұйымдастырушылар туындыны жасауға әр тұрғынныӊ үлес қоса алатынын айтып отыр. Оны тігуге ат салысқан азаматтыӊ есімі тарихта қалады. Атап өтерлігі, құрақ көрпеніӊ жалпы көлемі 27 мыӊ шаршы метрден аспақ. Осылайша, әлемдегі еӊ үлкен көрпе бойынша рекорд орнатқан Португалияныӊ Порто қаласын басып озбақ. Оныӊ көлемі 400 шаршы метрді құраған.

"Құрақ көрпе қазір 70 пайызға дайын. Акцияға тұрғындар ерекше ілтипат білдіруде. Оған қатысуға ниет білдіргендер де жетіп артылады. Жоғарғы оқу орындары, колледждер өз үлесін қосуда. Тұрғындар маталарды әкеп, не болмаса құрақ көрпешені тігіп алып келуіне болады", - дейді Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бөлімініӊ меӊгерушісі Наталья Коваленко.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны