12.10.2018, 16:04 8385

Алматыда алманыӊ музейі ашылды

Музейде әзірге тұрақты экспозиция жасақтала қойған жоқ, алғашқы экспозициялық көрме "Алматыдағы алмалы ауанға" арналды. Оған Орталық мұрағаттан алынған бұрын жарық көрмеген мұрағаттық жинақтар, жеке жинақтан алынған дүниелер, алматылықтардыӊ алмаға қатысты әӊгімелері қойылған.

Алматы. 12 қазан. Kazakhstan Today - 10 қазанда Алматыда қала аттас "Алматы" қонақ үйініӊ бірінші қабатындағы холл ішінде Алма музейі ашылды.

Музейге кіру тегін болып табылады.

"Алмалы жұмақ" қоғамдық қорыныӊ атқарушы директоры Ажар Жандосованыӊ хабарлауынша, музейдіӊ миссиясы мен мақсаты - қазақстандықтар мен шетелдіктерге еліміздіӊ алманыӊ отаны екенін және бұл жемістіӊ Алматы және жалпы әлем үшін маӊызы қандай екенін паш ету.

"Сиверс алма ағашы - әлемдегі алманыӊ мәдени сорттарыныӊ атасы болып табылады және бұл көптеген генетикалық зерттеулердіӊ нәтижесінде дәлелденген. Музейде бұл туралы да айталатын болады. Алма тақырыбы аса бай, оған алмаға қатысы бар аӊыздар мен ертегілер, алманыӊ әлемге қалай тарағаны туралы әӊгімелер, бақшашылық және алмадан өнімдер өндіру тұрғысынан алмаға қатысты оқиғалар және т.б.Еӊ бастысы - алманыӊ тасасындағы тылсым мәндерді табу", - дейді Ажар Жандосова.

Музейде әзірге тұрақты экспозиция жасақтала қойған жоқ, алғашқы экспозициялық көрме "Алматыдағы алмалы ауанға" арналды.

Оған Орталық мұрағаттан алынған бұрын жарық көрмеген мұрағаттық жинақтар, жеке жинақтан алынған дүниелер, алматылықтардыӊ алмаға қатысты әӊгімелері қойылған. Көне теледидарлар алмаға қатысты кадрларды көрсетеді.

"Біз көп материал жинақтадық. Олардыӊ арасында отандық және шетелдік авторлардыӊ алма туралы кітаптары, Қазақстан - алманыӊ отаны екені туралы француз және немістер түсірген деректі фильмдер бар. Экспозициялар әрбір 2-3 ай сайын өзгертіліп отырады. Кейін мультимедиялық тұрақты экспозиция пайда болады", - деді Жандосова.

"Алмалы түстер қаласы" атты көрме 2019 жылдыӊ 20 қаӊтарына дейін жұмыс істейтін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны