10.04.2015, 22:21 5171

Алматыда "Алматы жастары" велоклубы құрылды

Иуесқой велоклуб - бұл бүкіл бір спорттық қозғалыс. Оныӊ мүшелері жыл бойына барлық веложарыстарға қатысатын болады. Велоклубты құрудағы мақсат айқын - жастар арасында саламатты өмір салтын барынша насихаттау", - деді Мәркен Ахметов

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда жастарға арналған "Алматы жастары" велоклубыныӊ тұсауы кесілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Иуесқой велоклуб - бұл бүкіл бір спорттық қозғалыс. Оныӊ мүшелері жыл бойына барлық веложарыстарға қатысатын болады. Велоклубты құрудағы мақсат айқын - жастар арасында саламатты өмір салтын барынша насихаттау", - деді Мәркен Ахметов, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, велоклубқа белгілі тележүргізушілер, актерлер, әншілер, журналистер және қаланыӊ белсенді жастары мүше болып енгендігін жеткізді.

"Енді "Алматы жастары" велоклубынӊ арқасында қала тұрғындары арасында велосипед тебуге деген қызығушылығы арта түседі деген үміттеміз. Қала әкімі Ахметжан Есімов бізге велосипед тебушілер санын арттыруды тапсырған. Біз бұл тапсырма орындалады деп сенімді түрде айта аламыз", - деді М. Ахметов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны