26.05.2014, 21:02 3200

Алматыда "Алматы-гүл қала" дәстүрлі фестивалі болып өтті

Қазіргі таңда алаңның 200 000 шаршы метрі гүлге толы. Осы гүлдердің барлығын бір ортаға тоғыстырсақ, қаламыз үлкен алып шаһарға айналар еді. Гүлдерді безендіру үшін гүлдің жай жапсарын жақсы білетін мамандар жауапты. Біздің қаламызда 10000 000 астам гүл бар. Ирбір тұрғынға шамамен 5-6 гүлден келеді, деп қала әкімдігінен хабарлады.

Алматы. 26 мамыр. Kazakhstan today. Алматыда төртінші рет "Алматы - Гүл қала" атты фестиваль өтеді. Алдын ала санақ бойынша шараға 100 мың адам қатысқан.

Қазіргі таңда алаңның 200 000 шаршы метрі гүлге толы. Осы гүлдердің барлығын бір ортаға тоғыстырсақ, қаламыз үлкен алып шаһарға айналар еді. Гүлдерді безендіру үшін гүлдің жай жапсарын жақсы білетін мамандар жауапты. Біздің қаламызда 10000 000 астам гүл бар. Ирбір тұрғынға шамамен 5-6 гүлден келеді, деп қала әкімдігінен хабарлады.

Фестиваль негізінде саябақтарды гүлмен безендіру, безендірушілер жарысы, жәрменке, гүлдер көрсетілімі өтті. Биылғы жылы көрермендер назарына ерекше концерттік бағдарламалар ұсынылды. Сонымен қатар, осы жылы қолға үйретілген иттер мен жылқылар өнер көрсетті.

"Алматы - Гүл қала" фистивальнің арнайы қонағы Санкт-Петербург қаласының "Странствующие куклы г-на Пежо" театры қойылым қойды.

Олар өздерінің өнерлерімен Европа, Жапония, АҚШ елдерін бағындарған. Енді аталмыш театр өз өнерін Қазақстан жұртына да паш етті.

"Фестивальге қатысушылар жыл сайын өсуде. Ағымдағы жылы Алматыға Ресей, Украина, Франция, Голландия мен өзге елдердің бақ күтушілері келді. Қазір қала гүл алаңы 200 000 шаршы метрді құрайды. Бүгін біз Алматыны гүл қала деп нық айта аламыз. Фестиваль - бұл гүл көрмесі ғана емес, бұл алматылықтар бас қосатын алаң", - деді Ахметжан Есімов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны