31.07.2007, 18:06 6054

Алматыда "Алматыинвестстрой" компаниясының алдауына ұшыраған жүзге жуық құрылысқа үлес қосушылар аштық жариялай бастады

АЛМАТЫ. 31 - шілде. Kazakhstan Today. Алматыда "Алматыинвестстрой" компаниясының алдауына ұшыраған жүзге жуық құрылысқа үлес қосушылар аштық жариялай бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз бүгін 12 сағатта Масаншы мен Шевченко көшелерінің маңында орналасқан "Алматыинвестстрой" компаниясы кеңсесінің жанында аштық жариялай бастадық. Наразылық шарасына барлығы 100 жуық үлес қосушы қатысады және біз кемінде 50 адам үнемі ғимарат маңында болады деп жоспарлап отырмыз ",- деп түсіндірді бастамашы топтың мүшесі Яна Искакова.

Ол, құрылысқа үлес қосушылар аштық жариялауға дайындалып жатқандықтары туралы қала басшыларына алдын ала ескертілгендігін, атап өтті. "Біз іс-шарамызды арандатушылық ретінде қабылдамау жөнінде қалалық әкімшілікке, Бостандық ауданының әкімшілігіне, қалалық прокуратураға, қаржы полициясына хат жолдадық. Бізге жауап берер деп, уақыт та бердік. Бірақ ешқандай жауап болған жоқ. Біз арызымызды президенттің кеңсесіне де жолдадық",- деп атап көрсетті Я. Искакова.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның әртүрлі қалаларының 200-ге жуық тұрғыны "Алматыинвестстрой" компаниясына үлес қосушылар болып табылады. Компания 2004 жылы Мұқанов - Төле би көшелерінің маңынан жер телімін алып, адамдардан ақша жинап алған. Бірақ үйді 2005 жылдың ІІ тоқсанында пайдалануға беру керек болса да, құрылысты осы күнге дейін бастамаған. Құрылысқа үлес қосушылардың ақпараттарына сүйенсек, 2005 жылы Алматы әкімшілігі аталмыш компанияға бес қабатты тұрғын үй салу үшін тағы бір жер телімін (Өтепов пен Тәжібаев көш.) бөлген, ал бұл үйді 2006 жылдың аяғы мен 2007 жылдың басында пайдалануға беру жоспарланған. Бірақ қазіргі уақытқа дейін құрылыс салушылар құрылысты салып бітіру мерзіміне қатысты міндеттемесін орындамаумен шектелмей, жерді сатып алу, ескі құрылыстарды бұзу және құрылыс алаңына әзірлеуге қатысты да іс-шараларды жүргізбеген. Міндеттеме мерзімі бір жылға кешігіп отыр.

Құрылыс компаниясының алдауына түскен үлес қосушылар Алматы әкімшілігін "Алматыинвестстрой" компаниясымен сыбайлас деп айыптауда. Құрылысқа үлес қосушылар көмек сұрап мемлекеттік органдардың барлығына жүгінген, бірақ "Алматыинвестстрой" компаниясының директоры Дмитриенконың үстінен қылмыстық іс қозғалмаған, себебі, Алматының қаржы полициясының тергеушісінің айтуынша оның іс-әрекетінде қылмыстық құрам жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны