22.09.2018, 19:44 7079

Алматыда Almaty Film Festival I Халықаралық кинофестивалініӊ салтанатты жабылу рәсімі болып өтті

Алматыда Almaty Film Festival I Халықаралық кинофестивалініӊ салтанатты жабылу рәсімі болып өтті. Республика сарайында 19 қыркүйекте өткен жабылу рәсімінде кинофестиваль жеӊімпаздары жарияланды.

Алматы. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Almaty Film Festival I Халықаралық кинофестивалініӊ салтанатты жабылу рәсімі болып өтті.

Республика сарайында 19 қыркүйекте өткен жабылу рәсімінде кинофестиваль жеӊімпаздары жарияланды.

Иділ қазылар алқасыныӊ "Операторлық өнер және қобшы-суретшініӊ жұмысы үшін" атты арнаулы сыйлығына Иділхан Ержановтыӊ "Илемніӊ мейірімді енжарлығы" ("Ласковое безразличие мира") фильмі ие болды.

"Үздік әртіс (әйел)" аталымындағы сыйлықты "Сара мен Сәлім туралы өсек" ("Донос на Сару и Салима") фильміндегі басты рөлдерді сомдаушы екі әртіс Майса Абд Эльхади мен Сивэйн Крэчнер бөлісті.

"Үздік әртіс (ер адам)" марапатын режиссер Тинатин Каджришвилидіӊ "Көкжиек" ("Горизонт") фильмінде ойнаған Георгий Бочоришвили жеӊіп алды.

"Үздік режиссер" ретінде Роман Бондарчук ("Вулкан") танылды.

Almaty Film Festival I Халықаралық кинофестивалініӊ гран-при сыйлығына режиссер Дарья Жуктыӊ "ХРУСТАЛЬ" атты дебюттік жұмысы лайық деп танылды.

Кинофестивальдіӊ ресми сыйлықтарынан бөлек тәуелсіз сыйлықтар да тапсырылды.

ЮНЕСКО ұйымы режиссерлер Кристиан Фрай мен Максим Арбугаевқа "Табиғи және мәдени мұра, туризм және спорт" секциясындағы үздік фильмге "Генезис 2.0" сыйлығын ұсынды.

Режиссер Олег Беляловтыӊ "Алтын Емел" фильмі кинофестивальдіӊ бас ақпараттық серіктесі "Хабар" агенттігініӊ арнайы сыйлығына ие болды.

Питчинг жеӊімпаздары ретінде продюсер Серік Ибішев пен режиссёр Иділхан Ержанов "Қуандық" фильмімен танылды.

"Русская Фильм Группа" корпорациясыныӊ сертификаты мен продюсерлік жұмыстарға, сондай-ақ, постпродакшн бойынша қызметтердіӊ толық цикліне ие болу мәртебесі "Ты не один" жобасы (Хусейн Ферзаули, Сабина Жүнісбекова Сабина, Иван Кващук) лайық деп табылды.

Анықтамалық ақпарат:

Алматыда 15 пен 19 қыркүйек аралығында Алматы қаласы әкімшілігініӊ бастамасымен Astana Film Fund ұйымдастырған Almaty Film Festival I Халықаралық кинофестивалі болып өтті, ол қаладағы жыл сайынғы шараға айналмақшы.

Кинофестивальдіӊ қазылар алқасы құрамына Гүлнәр Сәрсенова ("Айка" фильмініӊ продюсері), француздық продюсер Пьер Спенглер ("Супермен", "Үш мушкетер", "Андэграунд"), режиссер, продюсер, неміс актрисасы Настасья Кински (1981 жылғы "Алтын глобус" сыйлығыныӊ иегері , "Cesar" сыйақысыныӊ бірнеше мәрте номинанты), француздық продюсер Марк Рускар кірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны