20.09.2017, 16:38 4420

Алматыда "Almaty Garden Show" бау-бақша фестивалі өтеді

Фестивальді Алматы қаласыныӊ әкімдігі және көгалдандыру нарығындағы шеберлерден тұратын, 70 астам компанияларды біріктіретін Қазақстанныӊ көгалдандыру ассоциациясы бірігіп өткізеді.

Алматы. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 22-24 қыркүйек күндері Алматыда бау-бақша фестивалі өтеді.

"Almaty Garden Show" (Алматы бау-бақ шоуы) - бау-бақша - саябақ өнері, ландшафты дизайн және қоршаған ортаны абаттандыру саласындағы танымал халықаралық фестиваль.

Фестивальді Алматы қаласыныӊ әкімдігі және көгалдандыру нарығындағы шеберлерден тұратын, 70 астам компанияларды біріктіретін Қазақстанныӊ көгалдандыру ассоциациясы бірігіп өткізеді. Фестиваль аясында дүниежүзіне танымал бақша және гүл өсіруші (флористер) маман - дизайнерлер шебер-класстар, "Gueen of Garden" атты сұлулық байқауын өткізеді. Балаларға арналған, оларды бау-бақша әлемімен таныстыратын арнайы бағдарлама қарастырылған. Сондай-ақ қаланыӊ тұрғындарына бау-бақша тауарлары, салалық әдебиет және егетін материалдардыӊ ауқымды жиынтығы ұсынылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны