05.10.2018, 17:16 6764

Алматыда "Алтын алма" атты Орталық-Азиялық дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеӊкесі өтеді

2018 жылдыӊ 6 - 7 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі "Бақыт" сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп, "Алтын алма" атты Орталық-Азиялық дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеӊкесін өткізеді.

Алматы. 5 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 6 - 7 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі "Бақыт" сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп, "Алтын алма" атты Орталық-Азиялық дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеӊкесін өткізеді.

Күз мезгілі - суретшілер, мүсіншілер,сәндік қолданбалы өнер шеберлері үшін шығармашылық шабыт кезеӊі. Алматы - алма қаласы. Айнала толы алма. Көрменіӊ басты тақырыбы да осыған байланысты. Алма идеясы - бұл жалғыз жемістіӊ тарихы ғана емес, ол шексіз, көп қырлы. Натюрморт және пейзаж, портрет пен жанрлық көріністер. Олар түрлі кескіндеме, графика, фотосуреттер мен гобелен және батик сияқты сәндік өнер туындыларында көрініс тапқан. Бір тақырыпты әр суретші, шебер өзінше бейнелейді. Бұл шексіз қиялдан туындаған таныс тақырып.

Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұл нышандарды өздерініӊ туындыларында - картина, зергерлік бұйым, панно, гобелен, киіз және тері бұйымдарында, батик сияқты өнімдерінде бейнелеген. Алма бейнеленген кәдесыйды кез-келген жастағы жанға сый етіп тартуға болады. Алма бейнелі кәдесыйлар молшылық пен сәттіліктіӊ нышаны.

Қолөнер көрме-жәрмеӊкелері Орталық Азия халықтары арасында экономикалық және мәдени байланысты дамытуда үлкен рөл атқарады. Көрмеге Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен келген 150 ден астам қолөнер шеберлері қатысады. Олар өздерініӊ шеберліктері мен дәстүрлерін ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп қалдырады.

"Алтын алма" көрмесініӊ ассортименті әртүрлі: авторлық сәндік бұйымдар, киімдер, сәнді сөмкелер, зергерлік бұйымдар, дизайнерлік ойыншықтар, жеӊіл көрпешелер,керамика, қолдан жасалған сабындар мен косметикалар, интерьерлік заттар, бейнелеу өнер туындылары және тағы көптеген сан алуан заттар. "Алтын алма" көрмесінде жарқын да ерекше заттарды тамашалап көрумен қатар, қолөнердіӊ қай түріне икеміӊіз бар екенін байқап, өзіӊіз үшін жаӊа хобби таба аласыз. Көрме аясында бұл күндері жәрмеӊкеге келушілер үшін киіз, батик және қышпен жұмыс жасаудыӊ әдіс-тәсілінен өткізетін шеберлік-сабақтары ұйымдастырылады. Қолданбалы өнер туындыларын ұнатушылар сол заттардыӊ жасалуын бақылап көріп қана қоймай, өз қолдарымен алма, әртүрлі кәдесыйлар, киізден жасалған панно және т.б. жасай алады.

Көрме-жәрмеӊкеніӊ ресми ашылуы - 2018 ж. 6 қазан, сағат 10-00

Көрме-жәрмеӊкеніӊ жұмыс уақыты: 6 - 7 қазан, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін

Көрме-жәрмеӊкеге кіру ақылы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны