28.09.2016, 15:01 4553

Алматыда "Анаға апарар жол" фильмініӊ тұсаукесері өтті

Басты рөлдерді Иділ Ахметов, Аружан Жазылбекова, Алтынбай Нөгербек сынды танымал кино актерлері ойнайды.

Алматы. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыдағы "Республика сарайында" режиссер Ахан Сатаевтыӊ "Анаға апарар жол" фильмініӊ тұсаукесері өтті - деп хабарлайды Жұлдыздар әлемі порталы.

Фильмніӊ тұсаукесерінде Елбасыныӊ қызы, "Анаға апарар жол" фильмініӊ бас продюсері - Илия Назарбаева қатысты, тұсаукесерде киноға атсалысқан актерлер, режиссерлер, операторлар және Белa?onu, Ресей елдерінен келген қонақтар да болды.

"Анаға апарар жол" кинокартинасы - қазіргі ұлттық киноматографиядағы еӊ айтулы қойылымныӊ бірі. "Анаға апарар жол" фильмініӊ негізгі желісі ана махаббатыныӊ құдіретті күшіне арқау болады. Картинаныӊ басты кейіпкері жігерлі рух пен ерлікті, шексіз патриоттық қайсарлықты танытады. Фильм қаhарманы өліммен бетпе-бет келсе де туған анасымын қауышу үміті оны үнемі алға жетелеп отырады.

Басты рөлдерді Иділ Ахметов, Аружан Жазылбекова, Алтынбай Нөгербек сынды танымал кино актерлері ойнайды.

Фильмнен шыққан көрермендер көздеріне жас алып шықты, фильмді қалыӊ көрермен 29 қыркүйектен бастап еліміздіӊ барлық кинотеатрларынан тамашай алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны