16.03.2015, 22:27 3741

Алматыда апатқа ұшыраған Ан-2 қозғалтқышы мен аспаптарын тексеру жұмыстары аяқталып қалды

"Негізгі комиссияға қосымша ұшу, инженер-техникалық және әкімшілік салалық кіші комиссиялары құрылды. Авиациялық оқиғаныӊ тексерісіне қатысу үшін №406 авиация зауытыныӊ (Ақтөбе қаласы) өкілетті өкілі және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініӊ тәуелсіз сарапшылары тартылды"

Алматы. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы қаласында ұшақ қозғалтқышыныӊ, фюзеляж және аспаптар бөлшектерін тексеру жұмыстары аяқталып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР ИДМ баспасөз қызметініӊ мәліметінше, қазіргі уақытта "OLIPM AIR" авиакомпаниясы" АҚ-ныӊ Ан-2 әуе кемесініӊ 2015 жылғы 20 қаӊтарда Жамбыл облысыныӊ Шатыркөл өӊірінде орын алған авиациялық оқиғасы бойынша Комиссия өз тексерістерін жалғастыруда, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

"Негізгі комиссияға қосымша ұшу, инженер-техникалық және әкімшілік салалық кіші комиссиялары құрылды. Авиациялық оқиғаныӊ тексерісіне қатысу үшін №406 авиация зауытыныӊ (Ақтөбе қаласы) өкілетті өкілі және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініӊ тәуелсіз сарапшылары тартылды", - делінген ақпаратта.

Прокуратура және ІІМ органдарымен бірлесе отырып сот-медициналық және техникалық сараптамалар жүргізілуде. Сонымен қоса тексеріске Мәскеу қаласыныӊ Мемлекетаралық авиациялық комитеттіӊ Ғылыми-техникалық орталығы қатысуда.

"Алматы қаласында ұшақ қозғалтқышыныӊ, фюзеляж және аспаптар бөлшектерін тексеру жұмыстары аяқталып қалды. Экипаждыӊ дайындығы, әуе кемесініӊ жай-күйі, техникалық қызмет көрсетілуі, метеорологиялық жағдай және т.б. қатысты материалдарды жинау және зерттеу жөнінде жұмыстар жасалуда", - делінген ақпаратта.

Тексеру нәтижелері барлық қажетті зерттеулер аяқталған соӊ және авиациялық оқиғаға талдау өткізілгеннен кейін хабарланатын болады.

Еске сала кетсек, АН-2 ұшағы апатынан жалғыз аман қалған Исем Шаяхметова ауруханадан шығарылды, қазіргі таӊда ол оӊалту курсынан өтіп жатыр.

2015 жылғы 20 қаӊтарда сағат 15.40-та Жамбыл облысындағы Шатыркөл кен орны маӊында "Балқаш-Шатыркөл" бағыты бойынша ұшып бара жатқан Ан-2 ұшағы құлаған болатын. Ұшақта 7 адам болған, оныӊ 3-еуі экипаж мүшесі. Ұшақ апатынан аман қалған "Балқаштүстіметалл" ӨБ бас геологы Исем Шаяхметова ауыр хәлде Шу қаласыныӊ ауруханасына жеткізілген болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны