18.05.2018, 14:16 9563

Алматыда "Апаттар медицинасы-2018" арнайы-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді

Оқу-жаттығулардыӊ негізгі мақсаты - Алматы қаласыныӊ денсаулық сақтау ұйымдарыныӊ даярлығын және олардыӊ төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендердіӊ жаппай келіп түсуі жағдайында Апаттар медицинасы орталығы филиалыныӊ күштерімен өзара әрекет етуін тексеру болып табылады.

Алматы. 18 мамыр Kazakhstan Today - 2018 жылғы 16 мамырда "Ұлттық Медицина Қауымдастығы" Республикалық қоғамдық бірлестігініӊ IX Бас Ассамблеясы "Өмірді сақтап қалу жолындағы апаттар медицинасы" тақырыбындағы халықаралық конференция басталды.

Конференция шеӊберінде "Апаттар медицинасы-2018" арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, оған Апаттар медицинасы орталығыныӊ Алматы қаласы бойынша филиалыныӊ қызметкерлері заманауи технологиялар мүмкіндігін және ықтимал апаттар кезіндегі тактикалық шешімдерді көрсете отырып қатысты.

Оқу-жаттығулардыӊ негізгі мақсаты - Алматы қаласыныӊ денсаулық сақтау ұйымдарыныӊ даярлығын және олардыӊ төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендердіӊ жаппай келіп түсуі жағдайында Апаттар медицинасы орталығы филиалыныӊ күштерімен өзара әрекет етуін тексеру болып табылады.

Оқу-жаттығулардыӊ сценарийі былайша өрбіді: Алматыда ірі көлемдегі төтенше оқиға орын алды, соныӊ салдарынан көп адам зардап шекті. Шартты төтенше жағдайдыӊ медициналық-санитарлық салдарларын жою үшін Апаттар медицинасы орталығы, "Қазавиақұтқару" АҚ және Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасыныӊ күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Оқу-жаттығулардыӊ бақылаушылары ретінде Бүкілресейлік "Защита" апаттар медицинасы орталығыныӊ қызметкерлері, сонымен қатар Болгария, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерініӊ медицина жұмыскерлері қатысты.

Шартты түрде зардап шеккендерге оқиға орнында АМО бригадалары мен 103 қызметтері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Барлық зардап шегушілер қаланыӊ стационарына жеткізілді. Тасымалдауға келмейтін зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу үшін, АМО күштері құрамында қабылдау-іріктеу, госпитальдық және эвакуациялық бөлімшелері, сонымен қатар "Камаз" көшпелі мобильді кешен негізіндегі операциялық-таӊу бөлімшесі бар далалық медициналық госпиталь құрды.

Ауыр зардап шеккендерді ТЖ аймағынан мамандандырылған медицина ұйымдарына тасымалдау үшін "Қазавиақұтқару" АҚ тіқұшағы келді.


Оқу-жаттығуда заманауи технологиялардыӊ мүмкіндіктері мен ықтимал апаттар кезіндегі тактикалық шешімдер назарға ұсынылды. АМО қызметкерлері ТЖ-ды жою кезінде қолданылатын мобильді медициналық шатырлар, автокөліктер және тағы басқа арнайы жабдықтар мен техниканы көрсетті.

Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін, "Апаттар медицинасы қызметі жұмысыныӊ халықаралық тәжірибесі" тақырыбында халықаралық конференция болып өтті, оған "АМО" ММ басшысы Б.Т. Есқалиев қатысты.

Отырыста төтенше жағдайлардыӊ медициналық-санитарлық салдарларын жою кезіндегі қауіптерді және адам шығынын азайту бойынша міндеттерді шешуде ведомствоаралық және халықаралық өзара әрекет етуді жетілдіру мәселелері талқыланды.

Осындай іс-шаралар республиканыӊ апаттар медицинасы қызметініӊ даярлығы мен өзара әрекет етуін қамтамасыз ету деӊгейін жетілдіруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК "Апаттар медицинасы орталығы" ММ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны