04.12.2015, 16:31 4024

Алматыда әр айдыӊ алғашқы бейсенбісінде құлақтандыру дабылы іске қосылады

Алматыда 10 желтоқсанда күндізгі сағат 12:55-те құлақтандыру дабылыныӊ техникалық дайындығы тексерілетін болады

Алматы. 4 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда 10 желтоқсанда күндізгі сағат 12:55-те құлақтандыру дабылыныӊ техникалық дайындығы тексерілетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Электр дабылқаққышы автоматты түрде теле және радиоэфир арқылы халықты құлақтандырумен жалғасатын болады.

"Болашақта айдыӊ әр алғашқы бейсенбісінде дабыл тексеріліп тұратын болады. Мерекемен тұспа-тұс келсе, тексеру келесі аптаға қалдырылады", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны