06.10.2006, 13:44 3316

Алматыда аса ірі көлемде пара алғаны үшін Түріксіб ауданының әкімі ұсталды - телеарна

АЛМАТЫ. 6-қазан. Kazakhstan Today. Алматыда аса ірі көлемде пара алғаны үшін Түріксіб ауданының әкімі Владимир Васильев ұсталды, деп хабарлады КТК телеарнасы Алматы қалалық ҰҚКД-іне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, шенеунік бір ай бойы жасырын бақылау астында болған. Алдын-ала тергеу барысында Владимир Васильевтің жеке кәсіпкерлерден аса ірі көлемде пара алуына қатысты екі оқиға анықталған.

Қазір В.Васильев Алматы қалалық ҰҚКД-нің тергеу абақтысында отыр.

Агенттік Түріксіб аудандық әкімшілігінен қандайбір түсініктеме ала алмады. Аты-жөнін атамаған әкімшілік қызметкері мұндай ақпараттан бейхабар екенін жеткізді.

В.Васильев Алматы қаласы Түріксіб ауданының әкімі болып былтырғы қаңтар айынан бері істеген. Бұған дейін ол бес жыл бойы Медеу ауданының әкімшілігін басқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны