18.06.2014, 21:04 5088

Алматыда ашық аспан астындағы мұражай ашылды

Алматыда И.Қастеев мұражайы базасында "Мүсін мұражайы - ашық аспан астындағы мұражай" ашылды. Осынау аса құнды арт-жобаның ашылуына қала әкімі Ахметжан Есімов, өнер мен мәдениет қайраткерлері, қала зиялы қауымының өкілдері қатысты.

Алматы. 18 маусым. Kazakhstan today. Алматыда И.Қастеев мұражайы базасында "Мүсін мұражайы - ашық аспан астындағы мұражай" ашылды. Осынау аса құнды арт-жобаның ашылуына қала әкімі Ахметжан Есімов, өнер мен мәдениет қайраткерлері, қала зиялы қауымының өкілдері қатысты.

"Алматы өзінің Қазақстанның мәдени орталығы екендігін тағы да дәлеледеп отыр және ТМД кеңістігі аясында да басты мәдени орталық мәртебесіне ие екендігін көрсетуде. Алматыда 228 мәдени ұйым шоғырланған. Биыл Алатау ауданында салынып жатқан киноконцерт залының да құрылысы аяқталады, ол соңғы 45 жыл ішінде салынған алғашқы мәдени нысан", - деді Ахметжан Есімов.

Шара соңында қала басшысы көрмеге келген барлық мүсіншілерге, суретшілерге, шараны ұйымдастырушыларға Алматының мәдени дамуына үлес қосқандары үшін шынайы алғысын білдірді, деп қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Мүсіндер экспозицияларының қоғамның барлық жастағы адамдарының бойында сурет өнеріне деген қызығушылықты арттыратынына және қазақ ұлттық көркем сурет өнері мектебін одан әрі насихаттауға ықпал ететініне сенімдімін", - деді Ахметжан Есімов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны