10.06.2008, 14:45 3001

Алматыда аштық жариялау акциясына тағы да 12 адам қосылды

Алматыда аштық жариялау акциясына тағы да 12 адам қосылды

Алматы. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда аштық жариялау акциясына тағы да 12 адам қосылды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында бұзылатын аудандардың тұрғындарынан құралған бастамашыл топты қалалық ұйымдастыру комитетінің төрағасы Айнұр Құрманов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Аштық жариялау түріндегі наразылық акциясын Ил-Фараби - Розыбакиев - Қожабеков - Гагарин көшелерінің тұрғындары 16 мамырда бастаған. Бүгінгі жағдаймен 9 адам акцияны жалғастыруда. Бірақ билік бүгінгі күнге дейін айтарлықтай келісімге барған жоқ. Кешеден бері осы көшелердің квадратында жаңа аштық жариялау ошағы пайда болып, тағы да осындай талаппен 12 адам аштық жариялады", - деді А. Құрманов.

Қазір аштық жариялаушылар "мәжбүрлеп көшіру жөніндегі сот шағымдарын кері шақырып алуды немесе тым құрыса сот процессін тоқтатуды талап етуде".

Аштық жариялаушылар өз талаптары орындалғанша шараны жалғастыра бермекші. Олардың кейбіреуінің жағдайы біршама нашарлап кетсе де, олар алған беттен қайтпақ емес.

Аштық жариялаушыларды қолдаушы "АЗАТ" партиясының өкілдері азаматтардың меншігін тәркілеп алуда азаматтар құқығының сақталуы үшін жауапкершілікті әкім жүктеуге тиіс деген пікірде. Олар сонымен бірге Алматыдағы жер телімдерінің бөліну заңдылығын тексеру қажеттігін талап етуде.

"Алматының бұрынғы әкімдері Виктор Храпунов пен Иманғали Тасмағамбетовтың жер телімдерін тәркілеп алу мәселелеріндегі іс-қызметіне талдау жүргізу қажет. Үкіметтік деңгейде, Бас прокуратураның деңгейінде мұқият тексеру жүргізетін комиссия құру керек. Оның нәтижесі бойынша қылмыстық іс қозғалуы қажеттігі туындауы мүмкіндігін де жоққа шығармаймыз", - деп мәлімдеді "АЗАТ" партиясы төрағасының орынбасары Маржан Аспандиярова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны