29.05.2008, 19:03 3104

Алматыда аштық жариялаушылар Қазақстан президентіне өтініш жіберді

Алматыда аштық жариялаушылар Қазақстан президентіне өтініш жіберді

Алматы. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда аштық жариялаушылар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өтініш жіберді, деп хабарлайды агенттік қалалық ынталы топтардың ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасай отырып.

"Біз Алматының Иль-Фараби - Розыбакиев - Қожабеков - Гагарин көшелерінің тұрғындары 16 мамырдан бастап наразылық аштық жариялаушылар ҚР Конституциясының кепілі болып отырған Сізге соңғы үмітімізді артамыз ", -деп айтылған азаматтардың өтінішінде.

Олар хабарлағанындай, олардың мүлкі Алматы қаласының әкімдігі тарапынан мемлекеттің қажетіне деп қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың № 1/159 қаулысы бойынша тартып алынуда.

"Біздің баспаналарымыздың орнына мемлекеттік нысандардың құрылысы жоспарланбаған, қаланың ауқаттылар ауданындағы жер учаскелері ешкімге белгісіз "Сити Сервис Ивест Строй" ЖШС мейлінше пайда табу үшін беріліп отыр", -деп есептейді азаматтар.

Аудан тұрғындарының пікірінше, "атқарушы билік органдарына тәуелді болып отырған барлық соттар, мүдделі болып отырған шенеуніктер мен ірі құрылыс корпорациялардың құралына айналуда. Атқарушы билік өкілдерінің белсенді қатысуымен мәжбүрлеп алынатын баспана құнынарық бағасынан 2-3 есе төмендетіліп, жылжымайтын мүлік нарығындағы ірі ойыншылар пайдасына шешіліп отыр. Бұл билік басындағылар арасында сыбайлас жемқорлық байланысының белгісі".

"Біз өзіміздің құқығымызды қорғау үшін барлық заңды амалдармен қорғануды шештік. 16 мамырдан бастап 11 азамат соңғы амал ретінде аштық шарасын жариялауға мәжбүр болды. Көп адамдардың жағдайы қазір нашарлап кетті. Кез келген уақытта олардың халі күрт өзгеріп, тосын оқиға болуы мүмкін. Сонымен бірге біздің баспанамызды мәжбүрлеп алып алу жөніндегі конституцияға қайшы № 1/159 қаулысының күші жойылып, бізге қатысты сотқа берілген арыздар қайтарылып алмайынша біз акцияны тоқтатпайтынымызды Сізге хабарлаймыз ", -деп жазды тұрғындар президентке арнаған өтінішінде.

Олар президентке " бейбіт азаматтарды қаралау жөніндегі мемлекеттік барлық күш құрылымдары мен атқарушы билік өкілдері қатысып отырған ұйымдасқан кампанияны тоқтату туралы өтініштерін білдірген. Қазір прокуратура бізге қатысты қылмыстық және әкімшілік істерді қозғаймыз деп қорқытуда, ал билік өкілдері наразылық білдіру талпыныстарымызға тосқауыл қойып отыр".

Тұрғындар хабарлағанындай, аштық жариялау кезінде оларға әкімдіктен ешкім келмеді, ал соттар мәжбүрлеп баспанадан шығару жөніндегі үкімдерді сырттай шығаруда.

"Бұл жағдайда, Алматы соттарындағы сыбайлас жемқорлық , криминалдық, заңсыздықтың қатерлі ісігін алып тастау үшін Сіздің жеке араласуыңыз керек.

Біз Сізді мемлекет басшысы ретінде жерлерді алыпсатарлар мен құрылыс корпорацияларының пайдасына қарапайым тұрғындардың учаскелері мен үйлерін мәжбүрлеп тартып алып, оңтүстік астанада жаппай құрылыс жүргізу жөніндегі бұрынғы қала әкімдері Храпунов пен Тасмағамбетовтың іс әрекеттерін тергейтін комиссия құруды сұраймыз ", - деп жазылған өтініште.

"Біз сондай-ақ, "Алматыжер" МКК заңсыз ұйымын жоюды сұраймыз. Бізді азаматтар ретінде қабылдап, өзіміздің лайықты баспанамызға және жеке меншік мүлкімізге берілген конституциялық құқығымыздың сақталуын қамтамасыз етуді сұраймыз", - дейді тұрғындар өздерінің өтініштерінде.

Аштық жариялаған барлық қатысушылар, осы ауданда тұратын 150 тұрғын өтінішке қол қойды, деп хабарлайды қалалық ынталы топтардың ұйымдастыру комитеті.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, қала әкімдігі мемлекеттің қажетіне деп бұл көшелердің тұрғындарын көшіру жөнінде қаулы шығарды.

"Алматыжер" МКК бұл адамдарды үйлерден мәжбүрлеп көшіру жөнінде сотқа арыз берді. Оған жауап ретінде үйден шығарылып жатқандар аштық жариялады. Қазіргі кезде жоғарыда аталған ауданда аштық түнде өткізіліп отырған наразылық акциясына 9 адам қатысуда. Оның екеуі денсаулығына байланысты аштықты тоқтатты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны