05.02.2016, 20:34 3974

Алматыда әскерилер снаряд сатып ақша тауып жүр

Саудаға түскен снарядтар! Алматыда металл қабылдау орнынан жүздеген гильза табылды. Қарулы күштеріне тиесілі кілеӊ жезден құйылған артиллериялық оқ қаптамаларын сол әскерилердіӊ өздері тапсырған көрінеді. Мұны металл қабылдау орныныӊ қызметкері айтып қалғанымен, әскерилердіӊ өзі түк білмегендей сыӊаймен таӊқалып, талып түсті

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Саудаға түскен снарядтар! Алматыда металл қабылдау орнынан жүздеген гильза табылды. Қарулы күштеріне тиесілі кілеӊ жезден құйылған артиллериялық оқ қаптамаларын сол әскерилердіӊ өздері тапсырған көрінеді. Мұны металл қабылдау орныныӊ қызметкері айтып қалғанымен, әскерилердіӊ өзі түк білмегендей сыӊаймен таӊқалып, талып түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

-Бастық жоқ! Білмеймін мен . Маған ешкім кіргізбе деді!

Танкіге қарсы снарядтар темір-терсек қабылдайтын мына орында тау болып үйіліп жатыр. Біразын суреттері ақпарат құралдарына тараған бетте әскерилер жинап үлгерген екен. Снаряд гильзаларыныӊ мұнда қалай келгенін әскерилер сол күйі түсіндіріп бере алмады. Ал металл қабылдаушылар тілшілер келгенше іздерін суытып үлгерген екен. Тек телефон арқылы снарядты әлдебір әскерилердіӊ тапсырғанын айтты. Полигоннан тура металл пунктіне жеткізілген гильзаларды әскерилер қайта көліктеріне тиеп, біржолата жоюға алып кетті.

Иділ Ибділдаев, №61993 әскери бөлімініӊ қызметкері:

-Мен гильзаларға қарадым. Қауіпті жоқ екен. Содан мен өзіммен алып кетіп жатырмын. Көрініп тұр ғой қауіпті емес екені. Ішіне қарасаӊыз ешқандай жарылу қауіпті заттар жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны