08.09.2017, 16:07 5821

Алматыда "Астана" алаӊын қайта жасау жұмыстары аяқталды

Алматыда жаяу жүргіншіге басымдық беретін қайта жасалған "Астана" алаӊы ашылды. Түн мезгілінде ерекше жарықпен нұрланатын екі құрғақ фонтаны бар алаӊныӊ ашылу салтанатына мегаполис әкімі Бауыржан Байбек қатысты.

Алматы. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда жаяу жүргіншіге басымдық беретін қайта жасалған "Астана" алаӊы ашылды. Түн мезгілінде ерекше жарықпен нұрланатын екі құрғақ фонтаны бар алаӊныӊ ашылу салтанатына мегаполис әкімі Бауыржан Байбек қатысты.

Белгіленген мерзімінен бұрын ашылған "Астана" алаӊында қозғалыс бөліктерініӊ жолақтары қысқарған, жүргіншілер көлік легінен боллард арқылы бөлінген.

Босаған кеӊістіктерге веложолдар жасалған, гранит тастар төселген, сонымен қатар олар дерндермен жасылдандырылған, лаванда клумбаларымен әрленген.Сатылы эспланада жаӊартылған, олардыӊ алдына түн мезгілінде ерекше жарықпен нұрланатын екі құрғақ фонтан орнатылған.

Классикалық стильде жасалған жарық көздері өте әдемі, алаӊға урналар, шағын дүкендер, авторлық кіші пішінді архитектуралық формалар қойылған. Алаӊныӊ оӊтүстік жағындағы тротуарға тас төселген және абаттандырылған. Қазан айында мұнда жалпақ жапырақты жасыл аллея пайда болады.

Қайта жасалған "Астана" алаӊын ашу барысында қала тұрғындары мен қонақтары үшін театрландырылған көріністер, би перфоманстары, фотоаймақтар мен ретроинсталляциялар және басқалары ұйымдастырылды.

Айта кетерлігі, жүргіншіге басымдық беретін Кабанбай батыр, Панфилов, Жібек жолы және Гоголь көшелеріндегі жұмыстар одан әрі жалғасуда. Кіре берістер тегістелуде, олар бірыӊғай стильмен жасалуда, ғимараттардыӊ сырттары жаӊаруда. Жасыл желекті автоматты түрде суарудыӊ жаӊа жүйесі тартылған, арықтарға жаӊа лотоктар төселген, бірқатар учаскелерге тас төсеу аяқталған, құрғақ фонтандар, жүргінші бағдаршамы, шырақтар, кіші пішінді архитектуралық формалар орнатылған.

Қала күніне барлық обьектілерге жаӊа тас төсеуді, кіші пішінді архитектуралық формалар қоюды,жасылдандыруды,жарық көздерін, құрғақ фонтандар орнатуды, демалыс аймағын, балалар алаӊдарын, веложолдарды жасауды толық аяқтау жоспарланған. Ағаш отырғызу маусымы жасыл желектіӊ тереӊ тамыр жаюы үшін күз мезгілінде атқарылады.Олар - биік болып өсетін қайыӊ, терек және басқа да ағаш түрлері. Жалпы, барлығы 330 мыӊ шаршы метрден астам аумақ жасылдандырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны