08.07.2018, 23:16 3791

Алматыда Астана күніне арналған велошеру өтті

Айта кетер жайт, бұл велошеру "Спорттық Алматы" қалалық бағдарламасыныӊ қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудіӊ тоғызыншысы болып саналады. "Спорттық Алматы" бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін алып шаһарда Астананыӊ 20 жылдығына арналған велошеру өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

"Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында өткен бұл мерекелік велошеруге 400 жуық қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Жиналған спорт сүйер қауымды ұйымдастырушылар бағалы сыйлықтармен қуантты. Астана күніне орай барлық қатысушыларға Hawaii және Miami аквапарктеріне сертификаттар мен Funky Town & World ойын-сауық ораталықтарына арнайы купондар ұсынылды.

Сонымен қатар, мәреде қатысушылардыӊ арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Басты сыйлық - 4 велосипед және электросамокат.

- Былтырғы жылдан бері жексенбілік велошерулерге үнемі қатысамын. Спортпен кәсіби түрде шұғылданбасам да, салауатты өмір салтын ұстануға тырысамын. Бұл жақсы көӊіл-күй мен мықты денсаулықтыӊ кепілі. Бүгінгі велосипед бірінші ұтысым, өте қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз! Мереке күні барша қазақстандықтарға тілерім - ашық аспан, Астанамыз көркейе берсін, әрбір отбасыға береке мен бақыт тілеймін! - деп, өз қуанышымен басты сыйлықтыӊ бүгінгі иегері Екатерине Алексеевна бөлісті.

Сондай-ақ, велошеру "Challenge. Сеніӊ жаӊа қырыӊ!" жобасы аясында финалдық бұқаралық жаттығуымен жалғасты. Жобаныӊ қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

- Біздіӊ команда "Challenge. Сеніӊ жаӊа қырыӊ!" жобасын қолдады және "Еӊ спорттық команда" номинациясын жеӊіп алдық. 21 күн бойы біз өз жаттығуларымызбен әлеуметтік желілерде бөлісіп, басқа адамдары ынталандыруға, спортқа баулуға тырыстық және кері байланыс та алдық, бізге қоӊырау шалушылар мен ризашылығын білдірген жұртшылық көп болды. Бұл өте қуантарлық жағдай. Күн сайын спортпен шұғылданыӊыз! Салауатты өмір салтын ұстаӊыздар! - деп, тілегін "Спорт Без Границ" тобыныӊ мүшесі Данияр Базарбек білдірді, бұл қозғалыстыӊ басты мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты қолдау және оларды спортқа баулу.

Ұйымдастырушылардыӊ айтуы бойынша, "Challenge. Сеніӊ жаӊа қырыӊ!" жобасына шамамен 10 мыӊ адам қатысып, нәтижесінде 16 жеӊімпаз анықталған болатын.

Айта кетер жайт, бұл велошеру "Спорттық Алматы" қалалық бағдарламасыныӊ қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудіӊ тоғызыншысы болып саналады. "Спорттық Алматы" бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны