07.07.2018, 23:08 6689

Алматыда Астананыӊ 20 жылдығына орай "Ұлы Дала елі" фестивалі өтті

"Рухани жаӊғыру" аясында жүзеге асқан фестиваль түркі халықтарыныӊ ежелгі мұрасы - жыраулық дәстүрдіӊ ұмытылмауын мұрат етеді.

Алматы. 7 шілде. KazakhstanToday- Алматыда "Ұлы Дала елі" фестивалі өтті. Еліміздіӊ жүрегіне айналған Астананыӊ туған күнін жыршылар қауымы да ерекше атап өтті. Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрында "Ұлы Дала елі" атты Халықаралық жыршылар фестиваліне еліміздіӊ өӊірлерінен 20-дан астам жыршы-ақындар қатысып, көрермендерді ұлттық мұрамен сусындатты. Бұдан бөлек мерекелі шараға өзбек, башқұрт, қырғыз елдерініӊ де өнер майталмандары келген.

Қырғызстан мен Өзбекстан жыршылары Алматы төрінде бас қосты. Жыраулар поэзиясы "Ұлы дала елі" фестивалінде жаӊғырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. "Алатау" дәстүрлі өнер театрында халықаралық "Ұлы дала елі" фестивалі ұйымдастырылды. Дәстүрлі эпос фестивалініӊ биылғы бағдарламасы Астананыӊ 20 жылдық мерейтойына арналды. Қазақстандық жыршылармен бірге Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстаннан келген жыр орындаушылар дала әуенін сахнадан сарнатты.

Фестивальге келген 14 қатысушы қырғыздыӊ "Манас" жырын, түркініӊ "Текей батыр", "Алпамыс" дастандарын орындады.

"Қырғызстандық әйгілі жыршы Доолетбек Садыков "Манас" эпосын, Өзбекстаннан келген Абдыназар Поянов "Алпамыс" эпосын орындады. Сондай-ақ Қарақалпақстаннан Динара Нұратдинова атты жас бақсы келді. Түркі халықтарына ортақ жыраулық дәстүр фестивалініӊ Алматыда өтуі тегін емес. Жетісу жерінде көшпенді халықтыӊ табаныныӊ ізі қалған. Ежелден келе жатқан жыраулар поэзиясы бүгін де маӊызға ие", - деді қазақстандық жыршы Ұлжан Байбосынова.

Оныӊ айтуынша, жыршылық дәстүр Қазақстанныӊ оӊтүстік пен батыс аймақтарында сақталған.

"Жыршылық өнер Қызылорда облысында кеӊ тараған. Ол жақта жыршылық өнері атадан балаға, ұстаздан шәкіртке беріледі. Маӊғыстау облысында да бұл дәстүр сақталған. Алматыныӊ Жетісу ауданында ұрпақтарға түркі халқыныӊ музыкасын дәріптейтін орталық бар", - деді ол.

Қатысушылар 7 минуттан бір жарым сағатқа дейін созылатын эпостарды орындады.

"Бұл жолы эпикалық шығармалар мен қаһармандар туралы аӊыздар, дастандар айтылды. Жылдан жылға олардыӊ орындалу мәнері өзгеріп, мазмұндырақ болып келеді", - деді фестивальдіӊ сценарий авторы Базарбек Атығаев.

"Рухани жаӊғыру" аясында жүзеге асқан фестиваль түркі халықтарыныӊ ежелгі мұрасы - жыраулық дәстүрдіӊ ұмытылмауын мұрат етеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны