04.07.2018, 17:27 7299

Алматыда Астананыӊ 20 жылдық мерейтойына орай "Егеменді елімніӊ бас қаласы - Астана" атты фотокөрме ашылды

Сонымен қатар, салтанатты іс-шара барысында буккросинг кітап сөрелеріне, Елбасы еӊбектері мен қоса елордамыз Астана жайында жаӊа кітаптар қойылды. Көрме басы салтанаты түрде қызыл лента кесумен басталса, аяғы Алматы қаласыныӊ Демалыс орталықтары Аула клубтарыныӊ дайындаған шағын концерттік бағдарламасымен өз мәресіне жетті.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan Today - 2018-ші жылдыӊ 3-ші шілдесінде Алматы қаласыныӊ Метрополитенінде, нақтылай айтсақ "Байқоӊыр" бекетініӊ күту залында, Елордамыз Астананыӊ 20 жылдық мерейтойына орай "Егеменді елімніӊ бас қаласы - Астана" атты фотокөрмесініӊ ашылу салтанаты өтті. Іс-шара тікелей Астана күніне арналып отырғаннан кейін көрмеде қойылған суреттерде тақырыпқа байланысты болды.

Көрме ұйымдастырушысы Алматы қаласыныӊ Жастар саясатын дамыту Мемлекеттік қоры қатысушы фото авторларыныӊ еӊ үздік, әрі еӊ тартымды кескіндерін іріктеп алды . Іріктеу кезеӊге 108 жұмыс тапсырылды. Ал, көрмеге оныӊ тек 20-сы іріктеліп алынды.

Ирбір ұсынылған жұмысты осы саланыӊ арнайы маманы, танымал фотограф және журналист "Cinemania" компаниясыныӊ бас продюсері Юрий Рашевскийдіӊ өзі бағалады.

Фото сайыс қорытынды нәтижесі бойынша бас жүлде иегері Фахрутдинова Альфираға ұйымдастырушылар атынан портативті "Бумбокс" және мақтау қағазға ие болды. Ал, іс-шара үстінде қатысушы жас жеткіншектерге қосымша тапсырма ретінде өткізілген сурет сайысынан 3-ші орынды "Artschool" Аула клубынан Ибдімұрат Дана, 2-ші орынды "Жетісу " Аула клубынан Бақытбек Жанар, 1-ші орынды "Жас Арт " Аула клубыныӊ шәкірті Нұрболатова Анар жеӊіп алды .Басқа да қатысушыларға белсенділік танытқаны үшін мадақтамалармен, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Сонымен қатар, салтанатты іс-шара барысында буккросинг кітап сөрелеріне, Елбасы еӊбектері мен қоса елордамыз Астана жайында жаӊа кітаптар қойылды. Көрме басы салтанаты түрде қызыл лента кесумен басталса, аяғы Алматы қаласыныӊ Демалыс орталықтары Аула клубтарыныӊ дайындаған шағын концерттік бағдарламасымен өз мәресіне жетті.

Алматы қаласыныӊ Жастар саясаты м?селесі жөніндегі басқармасыныӊ тапсырысы бойынша өткізілген іс-шара 9-шы шілдеге дейін, яғни бір апта көлемінде қалыӊ жұртшылық назарына ұсынылмақ. Фото көрмені тамашалаушыларға есік әрдайым ашық.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны