04.07.2016, 14:02 3822

Алматыда атқылаған ыстық су жеӊіл көлікке зақым келтірді

Алматыда Қонаев көшесініӊ Ийтеке би және Қазыбек би көшелері аралығында судыӊ қысымын тексеріп жатқан кезде магистральдық құбыр жарылды

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда Қонаев көшесініӊ Ийтеке би және Қазыбек би көшелері аралығында судыӊ қысымын тексеріп жатқан кезде магистральдық құбыр жарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жер астынан атқылған ыстық су сол маӊда тұрған Chevrolet көлігініӊ артқы бамперін жұлып алған. Болған оқиғаныӊ бейнежазбасын куәгерлер әлеуметтік желіде жариялап отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Аталған көшеде гидравликалық сынақ жүргізілген болатын. Соныӊ барысында диаметрі 400 миллиметрлік құбыр жарылды", - деді "Алматы жылу жүйелері" ЖШС баспасөз хатшысы Наталья Инкина.

Қазір оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр. Инкинаныӊ айтуынша, заӊгерлер зардап шеккен көліктіӊ иесіне өтемақы төлеу мәселесіне кірісіп кеткен. Оған сақтандыру төлемақысы жасалады. Зардап шеккендер жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны