26.09.2018, 15:46 5851

Алматыда аудандардыӊ жаӊа әкімдері тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігініӊ және Алматы қаласы мәслихатыныӊ келісімімен Алмалы ауданыныӊ әкімі болып Бекқали Торғаев тағайындалды. Өз кезегінде Алтай Рахымбетов Бостандық ауданыныӊ әкімі атанды.

Алматы. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігініӊ және Алматы қаласы мәслихатыныӊ келісімімен Алмалы ауданыныӊ әкімі болып Бекқали Торғаев тағайындалды. Өз кезегінде Алтай Рахымбетов Бостандық ауданыныӊ әкімі атанды.

Алматы әкімдігінде оларды таныстыру кезінде Бауыржан Байбек аудандардыӊ тағайындалған әкімдерініӊ қызметтік өсу жолдарыныӊ барлық сатыларынан өткендерін және қала проблемаларын жақсы білетіндіктерін атап өтті. Олардыӊ алдына принципті және тұрақты қадағалауды талап ететін бірінші кезектегі міндеттер қойылды.

"Аудандардыӊ жаӊа әкімдері абаттандыру, жасылдандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыруға, көшелерді жөндеуге, ғимараттардыӊ архитектуралық келбеттеріне айрықша назар аударғандары жөн. ТҮКШ-ты модернизациялау аясында үйлерді жөндеуді жалғастырып, "Ескі тұрғын үй" бағдарламасын мықтап қолға алулары тиіс", - деді қала әкімі.

Аудан әкімдеріне білім және денсаулық сақтау басқармаларымен бірігіп мектептердегі оқушы орындарыныӊ жетіспеуі мен емханалардағы сырқаттар тығыздығы мәселесін шешу тапсырылды.

Айта кетерлігі, Алмалы ауданыныӊ жаӊа әкімі Бекқали Торғаев 5 жылдан астам уақыт Иуезов ауданында осы қызметті атқарды. 2015 жылдыӊ ақпанынан бастап Бостандық ауданыныӊ әкімі атанды.

Үш жыл ішінде ауданда салық түсімі 22%-ға, шағын және орта кәсіпорындар саны 12%-ға, негізгі капитал инвестициясы 28%-ға артты. 13 мыӊнан астам жаӊа жұмыс орныдары ашылды, 1,3 млн. кв.м. тұрғын үй іске қосылды, аулалардыӊ 47%, жер асты өтпелі жолдардыӊ барлығы жөнделді.

Өз кезегінде Бостандық ауданыныӊ жаӊа әкімі Алтай Рахымбетов еӊбек жолын 1995 жылы Алматы қаласы экология басқармасыныӊ маманы ретінде бастады. Қоршаған ортаны қорғау саласында 20 жыл бойына еӊбек етті, соныӊ ішінде Алматы қаласы Табиғатты реттеу басқармасыныӊ басшысы да болды. 2015 жылдыӊ ақпанынан Иуезов ауданыныӊ әкімі.

Осы уақыт ішінде салық түсімі 74%-ға, бөлшек сауда айналымы 60%-ға, инвестиция 40%-ға артты, 15 мыӊнан астам жаӊа жұмыс орны құрылды. 6 мемлекеттік және 60 жеке бала бақшалар ашылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны