08.09.2009, 18:32 3077

Алматыда аудандық сот жерге қатысты алаяқтыққа айыпталғандарды 5 - 7 жылға бас бостандығынан айырды

Алматыда аудандық сот жерге қатысты алаяқтыққа айыпталғандарды 5 - 7 жылға бас бостандығынан айырды

Алматы. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы қаласының Алатау аудандық соты бүгін судья Мұрат Шолпанқұловтың басқаруымен бүгін жерге қатысты алаяқтыққа айыпталғандарды 5 - 7 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алатау аудандық прокуратурасы Майра Қашағанованы мүлкін тәркілеумен 5 жылға, Жақсыбек Оразбаев пен Бауыржан Медетбековты мүлкін тәркілеумен 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматы қаласының Алатау аудандық прокуроры Бауыржан Мақұлбаев бүгін жерге қатысты алаяқтыққа айыпталғандардың ісі бойынша өткен сот талқысы барысында айыпкерлерді мүлкін тәркілеумен 5 - 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Майра Қашағанова, Бауыржан Медетбеков пен Жақсыбек Оразбаев 2007 мен 2009 жылдар аралығында қолдан жасалған шешімдерді пайдалану арқылы мемлекетке тиесілі үш жер телімін сатып жіберген. Зардап шеккендер Ш. Төлеуханов, Б. Үсенов пен И. Садыровтың әрбіреуі сатылған жер телімдері үшін 14 мың доллардан төлеген. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі $44 мың болды. Қылмысты Алматы қалалық ҰҚКД тергеу басқармасы тексерген.

Прокуратураның мәліметінше, жалпы Алатау ауданы бойынша қылмыстық тергеу органдары жер теліміне қатысты алаяқтық деректері бойынша 24 қылмыстық іс, АІІБ - 8 қылмыстық іс, ҰҚК - 5 қылмыстық іс, қаржы полициясы - 8 қылмыстық іс, ІІД- 3 қылмыстық іс қозғаған. 24 қылмыстық істен сотқа 9 іс жолданды. Сегіз эпизод бойынша тағы 7 қылмыстық іс тергеу сатысында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны