15.09.2015, 16:03 4388

Алматыда ауқымды сейсможаттығу өткізілмек

Ағымдағы жылдыӊ 17 қыркүйегінде, Алматы қ. Төтенше жағдайлар департаменті "Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі күштерініӊ және басқару органдарыныӊ Алматы қаласындағы мүмкін болатын жер сілкінісі салдарларын жою барысындағы әрекеттерге дайындығы" тақырыбына жалпы қалалық сейсмикалық жаттығу өткізу жоспарлаған

Алматы. 15 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 17 қыркүйегінде, Алматы қ. Төтенше жағдайлар департаменті "Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі күштерініӊ және басқару органдарыныӊ Алматы қаласындағы мүмкін болатын жер сілкінісі салдарларын жою барысындағы әрекеттерге дайындығы" тақырыбына жалпы қалалық сейсмикалық жаттығу өткізу жоспарлаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сейсмикалық жаттығуды өткізудіӊ негізгі оқу мақсаттары мен міндеттері:

1. Азаматтық қорғаныстыӊ қалалық жүйесініӊ мүмкін болатын алапат жер сілкінісі барысындағы әрекеттерін пысықтау бойынша дайындығын бағалау.

2. Қалалық құлақтандыру жүйесініӊ жұмысқа қабілеттілігініӊ дайындығын тексеру.

3. Зардап шеккен тұрғындарға жергілікті атқару органдарыныӊ және қалалық азаматтық қорғаныс қызметтерініӊ күшімен көмек көрсету.

Тәжірибелі іс-әрекет өткізу мекенжайы: "МЕГА" СОО төменгі шығыс жақ бетінде Розыбакиев көшесі

2015 жылдыӊ 17 қыркүйегінде 12 сағ. 00 м. құлақтандыру жүйесі бойынша сейсмикалық жаттығудыӊ басталуы туралы: "БАРЛЫҒЫӉЫЗ НАЗАР АУДАРЫӉЫЗДАР!" дабылы берілетін болады.

Басқару органдарын және қала тұрғындарын құлақтандыру:

- П-164 құлақтандыру аппаратына қосылған 244 дана С-40 электрлік сиренасы, электрлік сирена есебінен құлақтандырумен қамтылмаған аудандарда тұрғындарды құлақтандыру Алматы қ. ІІД дыбыс күшейткіш құрылғылармен жабдықталған автокөліктерініӊ көмегімен жүзеге асырылатын болады.

- қалалық радиоландыру орталығыныӊ (ҚРО) қалалық радиотрансляциялау тарату желісін қамту жүйесін 3-бағдарламалық бойынша және 72 000 радионүкте арқылы ауызша ақпаратты жеткізу жүйесі бойынша жүргізіледі;

- кабельдік теледидар бойынша: "Алма-ТВ", Рен-ТВ, НТВ - Мир, СТС, РТР, Планета және ТВ-1000, "Дижитал ТВ" - сандық теледидардыӊ барлық абоненттеріне арналған сейсмикалық жаттығудыӊ басталуы туралы құлақтандыру мәтінін қосу жоспарлануда;

- Алматы қаласыныӊ тұрғындары үшін "GSM Казахстан" ЖШС, "Қазақтелеком" АҚ және "Мобайл-Телеком Сервис" ЖШС ұялы байланыс операторлары арқылы ақпараттық хабарлама мәтіні бар SMS-таратылым жасау жоспарлануда;

Сонымен қатар, Тактикалық-арнаулы оқуды өткізу орнында: "МЕГА" СОО төменгі шығыс жақ бетінде Розыбакиев көшесі мекенжайы бойынша АҚ қызметтерініӊ, ҚР ІІМ ТЖК аумақтық күштері мен құралдарыныӊ дайындығына тексеру жүргізу ұйымдастырылады, оныӊ ішінде:

- Баспанасыз қалған тұрғындардыӊ жиналу бекеті;

- Санитарлық шығындарды жинақтау бекеті;

- Алматы қ. Құтқару қызметініӊ құтқару техникасы және жабдығы;

- ҚР ІІМ ТЖК аумақтық бөлімшелерініӊ құтқару техникасы және жабдықтары;

- Тұрғындардыӊ жиналу бекеттерініӊ тіршілігін қамтамасыз етуге тартылатын АҚ қызметтері техникалары және жабдықтары, сонымен қатар

- Сауда және тамақтандыру қызметініӊ тамақтандыру және киіммен жабдықтау бекетін ұйымдастыру.

ТАЖ өткізу орнындағы практикалық шаралардан, құтқару және тағы да басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу орнына басқа күштер мен құралдарды апару жоспарланған, оныӊ ішінде бұл:

- тікұшақтан құтқарушылар мен кинологтарды десант ретінде түсіру;

- Құтқару қызметініӊ із кескіш иттерініӊ көмегімен үйінділер астындағы адамдарды іздеу;

- адамдарды үйінді астынан шығару, медициналық көмек көрсету және медициналық мекемелерге тасымалдау;

- адамдардыӊ өмірлері мен денсаулықтарына, сонымен қатар олардыӊ мүліктеріне қауіп төндіретін апаттық ағаштарды кесу;

- жапа шеккен адамды құтқару жабдығын пайдалана отырып шығару және алғашқы медициналық көмек көрсету;

- "ҚР ІІМ ТЖК РЖҚО" ММ күшімен және құралдарыныӊ көмегімен жоғары қабаттардағы жапа шеккендерді көшіру;

- өрт ошағын оқшаулау және жою.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны