10.02.2010, 17:19 3267

Алматыда азаматтарды тіркеуге алудың кеңестік кезеңдегі санитарлық нормалары кері қабылданады

Алматыда азаматтарды тіркеуге алудың кеңестік кезеңдегі санитарлық нормалары кері қабылданады

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда азаматтарды тіркеуге алудың кеңестік кезеңдегі санитарлық нормалары кері қабылданады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қала халқына есеп беру жиыны барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қаладағы криминогендік ахуалға салыстырмалы түрде халқының тұрмыстық деңгейі жоғары біздің қаламызға сырттан реттеусіз ағылатын басқа жақтың тұрғындары кері әсерін тигізуде. Статистика бойынша барлық қылмыстардың 50%-ын сырттан келгендер жасайды", - деді Ахметжан Есімов.

"Сол себепті мигранттарды тіркеуге алу режимін күшейтуге шаралар қолданылды, бұл қалаға уақытша келетіндердің санын 20%-ға қысқартуға мүмкіндік берді. Соттың шешімімен қаладан шығарылғандар саны 24,65%-ға өсті", - деді ол.

Оның айтуынша, "қаланың айрықша мәртебесін ескеру негізінде ішкі көші-қон ағынын реттеуге бағытталған қосымша шараларды қабылдау мәселесі дәйектеліп жатыр".

"Біз қалада тіркеуге тұру мәселесіне баса назар аударуымыз қажет. Бір бөлмеге ондаған адам тіркеуге тұратын деректер анықталуда. Бір бөлмеге 40 адам тіркеледі. Оларды тіркеуге алатындар - үйдің қожайындары сол арқылы бизнес жасайды. Ал ол бізге проблемалар туындатып отыр", - деді ол.

"Яғни, біз қаланы толық жабуға ниеттеніп отырған жоқпыз. Бірақ көші-қон ағыны толық реттелуге тиіс. Кеңес одағы кезінде бір адамға тоғыз шаршы метрден келсе, тіркеуге қоятыны естеріңізде болар. Ал қазір тоғыз шаршы метрге ондаған адам тіркеледі. Сол себепті мен аппарат жетекшісі Доспанов пен ішкі істер департаментінің жетекшісі Тұрғынбаевқа азаматтарды тіркеуге алудың кеңестік кезеңдегі санитарлық нормаларын кері қабылдау және пәтер немесе үйдің қожайынының жауапкершілігін күшейтуге бағытталған жұмыстарды жүргізуді тапсырамын", - деді Ахметжан Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны