07.08.2018, 17:04 7522

Алматыда Байтұрсынов пен Абай бейнеленген муралдар пайда болмақ

Алматыда шілде айында монументалдық өнер бойынша "MURAL FEST" атты III халықаралық фестиваль болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 7 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда шілде айында монументалдық өнер бойынша "MURAL FEST" атты III халықаралық фестиваль болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бірінші болып Украиналық қылқалам шебері Андрей Кравченко іске кіріскен. Ол Бостандық ауданында, Тимирязев және Жароков көшелерініӊ қиылысындағы ғимараттыӊ хасбетіне сурет салды.

Бұдан әрі фестивальді Ресейден келген ZUKCLUB суретшілері жалғастырады. Жігіттер өздерін пішін және кеӊістікпен жұмыс істейтін монументалдық суретшілер мен дизайнерлер құрамасы ретінде таниды. "Біз стандарттан тыс мақсаттарды ұнатамыз және кез-келген ұсынысқа, оныӊ ішінде коллаборацияға да әзірміз",- дейді суретшілер.

Ұйымдастырушылардыӊ ZUKCLUB тобын таӊдауы кездейсоқ болмаса керек, өйткені, суретшілер портреттік муралдарды салудыӊ шеберлері болып табылады. ZUKCLUB қылқаламынан туындаған туындылардыӊ арасынан Скрябин, Вернадский, Маяковский, Булгаков, Эйзенштейн, Стравинский, Кандинский, Гагарин және басқа да танымал тұлғалардыӊ портретін табуға болады.

Суретшілер 15 жылдан бері көше өнерін дамыту бағытында жұмыс істеп келеді. Олардыӊ туындыларын Европаныӊ барлық елдерінен, Азия, Америка мен Латын Америкасыныӊ кейбір елдерінен табуға болады. Енді міне, ZUKCLUB ұжымыныӊ арқасында Алматыда да креативтік портреттер түріндегі өз муралдары пайда болмақ.

Айталық, Байтұрсынов көшесінде келесі аптада қазақтыӊ қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, лингвист-ғалым, әдебиеттенушы, түркітанушы және аудармашы Ахмет Байтұрсыновтыӊ портреті пайда болады. Ресейлік суретшілер Байтұрсыновтыӊ сегіз қырлы бір сырлы қасиеттін бір портретте бейнелей алды.

ZUKCLUB суретшілер тобы бұдан кейін Абай даӊғылына мекен алмастырады. Ол жерде қылқалам шеберлері ұлы қазақ ақыны, сазгер, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетініӊ негізін қалаушы Абайдыӊ бейнесі көрініс тапқан муралды дүниеге әкелмекші.

Осы орайда айта кетелік, мурал сөзі ағылшын тіліндегі mural сөзінен туындаған монументалдық көркемсурет өнерініӊ бір түрі.

www.drmfund.com

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны