19.02.2018, 18:02 5170

Алматыда Бақыт Қайырбековтыӊ "Очарованный странник" атты шығармашылық кеші өтеді

Кеште автордыӊ орындауындағы өлеӊдер оқылып, "Избранное" және"Многоточие" атты екі кітаптыӊ тұсауы кесіледі

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 22 ақпанында ақын, кинорежиссер, Қазақстан Республикасыныӊ Еӊбек сіӊірген қайраткері Бақыт Қайырбековтыӊ "Очарованный странник" атты шығармашылық кеші өтеді.

Кеште автордыӊ орындауындағы өлеӊдер оқылып, "Избранное" және"Многоточие" атты екі кітаптыӊ тұсауы кесіледі.

Бақыт Ғафуұлы Қайырбеков - кинорежиссер, сценарист, ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағыныӊ және Қазақстан Кинематорграфистер Одағыныӊ мүшесі, "Қазақстан Республикасыныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері" мемлекеттік наградасымен марапатталған, Еуразиялық телеарна және радио Академиясыныӊ академигі (Ресей), Махамбет Өтемісұлы атындағы сыйлықтыӊ иегері, "Құрмет" орденініӊ иегері.

1953 жылы 23 ақпанда Алматыда туған. 1970 жылы Алматы қаласындағы № 62 орта мектепті бітірді. Сол жылы, Мәскеудегі М.Горький атындағы Идебитет институтына түседі. 1975 жылы Мәскеудегі М. Горький атындағы Идебиет институтын әдебиет қызметкері (көркем әдебиетті қазақ тілінен орыс тіліне аудармашы-ақын) мамандығы бойынша тәмамда йды. 1989 жылы КСРО Мемлекеттік кино (Госкино) жанындағы сценаристер және режиссерлар дайындайтын жоғары курсын бітірді (В. Грамматиков және Н. Михалковтыӊ шеберханасы).

Ғылыми-танымал және деректі фильмдердіӊ авторы: "Ақбосаға", "Возвращение в лоно неба", "Мен саған сәбимін", "В поисках собеседника", "Священный порог", "Клятва", "Свидание", "Возвращение к истокам", "Домусульманские обычаи и традиции казахов" "Послание настоящему", "Страсти натуралиста", "Қызыл трактор", "Путь истины", "Колючая нежность", "Сердце мое", "Священный Туркестан", "Асеке" және т.б. фильмдері Румыния, Ресей, Қытай, Иран, Венгрия, Германия мемлекеттерінде өткен халықаралықкинофестивальдерде дипломдармен марапатталған. Поэтикалық жинақтардыӊ авторы: "Осенний диалог" ("Жалын" баспасы, 1978), "Глагол жить" ("Жазушы", 1982), "За живою водой" ("Жазушы", 1986), "Менiм үйiм" ("Жалын", 1987), "За решеткой строк" ("Согласие", 1996), "Биография алмаатинца" ("Өлке", 1998), екі томдық "Таӊдамалы" (1998), "Дневник" ("Интерприн"т, 2003), "Путь воды" (М., "Тезаурус", 2010), "Проснуться птицей" (2011), "Национальные обычаи традиции. Казахский этикет" (2011) және "Далекие и близкие" (2011) атты аударма еӊбектері бар. Б.Ғ. Қайырбековтіӊ аудармалары арқылы қазақтыӊ ақындары мен прозаиктардыӊ төмендегі шығармалары жарық көрді: Шәкәрім Құдайбердіұлыныӊ "Родословная тюрков, казахов и киргизов, Қойшығара Салғаринніӊ "Династии ханов", Асан Қайғыныӊ, Бұқар, Ақтамберді жыраулардыӊ жырлары, С.Мұратбековтіӊ, А.Сейдімбектіӊ, Т.Жұртпаевтыӊ, А.Жақсыбаевтыӊ, А.Илпейісовтіӊ прозасы, Ғ.Қайырбековтіӊ, Т.Молдағалиевтіӊ, Т.Ибрахманованыӊ, Е.Раушановтыӊ, О.Асқардыӊ, М.Мақатаевтыӊ, І. Жансүгіров пен Ф. Ғабитованыӊ және т.б.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны