10.03.2011, 18:14 4019

Алматыда балабақша мәселесі екі жыл ішінде түгелдей өз шешімін табады

Алматыда балабақша мәселесі екі жыл ішінде түгелдей өз шешімін табады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов "Көкжиек" ықшам-ауданындағы №169 балабақшаның ашылу салтанатында мәлім етті.

Алматы. 10 - наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда балабақша мәселесі екі жыл ішінде түгелдей өз шешімін табады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов "Көкжиек" ықшам-ауданындағы №169 балабақшаның ашылу салтанатында мәлім етті.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, мектепке дейінгі бұл мекеме қазақ және орыс тілдерінде тәрбие береді, 5 топ бар. Балабақша барлық талапқа сай жабдықталған.

"Былтыр барлығы 3 мың 100 орынға арналған жеке-меншік және мемлекеттік балабақшалар ашылған болатын. Ал, осы жылы, барлығы 35 балабақшаның құрылысы жоспарланған. Елбасы бекіткен "Балапан" бағдарламасына сәйкес алдағы екі жыл ішінде 8 мыңға жуық баланы тиісті орынмен қамтамасыз етеміз", - деді Ахметжан Есімов.

"Былтыр өздеріңіз білесіңіздер, Елбасы осы мәселені шешу жолында "Балапан" бағдарламасын жариялаған. Соның шеңберінде бүгін балабақша ашылып отыр 120 орындық. Бағдарламаға келетін болсақ, былтырдан бері әкімшілік осі бағытта үлкен жұмыстар атқарып жатыр, жергілікті және республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, былтыр үш жаңа балабақша салынды, үш балабақшаны мемлекеттік меншікке қайтардық. 20 топ жаңадан ашылып, 25 жеке меншік балабақша ашылды. Биыл ұзын саны 20 балабақша саламыз. 15 жекеменшік балабақша ашылады, сонда биыл 35 балабақша пайдалануға беріледі",- деп мәлім етті қала әкімі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны