04.08.2015, 15:48 3628

Алматыда балабақшада қаза болған 5 жасар бүлдіршінніӊ ата-анасы мен сотталушы келіншек ымыраға келуі мүмкін

Бүгін Алматыда Иуезов аудандық сотында №58 балабақшада болған жол апатына байланысты сот отырысы басталды. Сотталушы Тайота Лэнд Крузер жүргізушісі 46 жасар Татьяна Семченконыӊ ісі қаралды.

Алматы. 4 Тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда Иуезов аудандық сотында №58 балабақшада болған жол апатына байланысты сот отырысы басталды. Сотталушы Тайота Лэнд Крузер жүргізушісі 46 жасар Татьяна Семченконыӊ ісі қаралды. Отырыс барысында белгілі болғандай, қос тарап келісімге келуі мүмкін. Бұл туралы мемлекеттік айыптаушы Гүлмира Сейтқазиева айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жәбірленуші тараптыӊ арыз-шағымдары қайтарылып, тоқтатылды. Егер іс барысында қосымша арыздар түсетін болса қаралады. Марқұм қыздыӊ әкесі Бақытжан Молдабаев пен Ербол Төлепов, Серік Сәрсеновтер айыпталушыдан ештеӊе талап етпейді", - деді прокурор, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толығымен мойындады.

"Мен өз кінәмді толық мойындаймын. Иділ сот мейірімділік танытуыӊызды сұраймын. Ауызша түрде осы кінәмді мойындаған арыз-шағымымды бердім", - деді Т.Семченко.

Сондай-ақ, сот отырысы барысында Семченко ханымныӊ онкологиялық есепте тұрғаны белгілі болды.

"Кінәлі азаматшаныӊ онко-диспансерде тұрғанын қылмыстық істе қарауыӊызды сұраймын", - деді мемлекеттік айыптаушы.

Заӊ мамандарыныӊ айтуынша, ол өз кінәсін толық мойындауына байланысты Қылмыстық Кодекстіӊ 345-бабы, 3-бөліміне сәйкес 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Соттыӊ ақырғы шешімі 10 тамыз күні шығады.

Айта кетейік, төтенше жағдай 20 мамырда болған еді. Тайота Лэнд Крузер көлігі №58 балабақшаныӊ шарбағына соғылып, аула ішіндегі үйшікті қиратқан болатын. Сол сәтте алаӊда ойнап жүрген 5 жастағы балдырған қыз көз жұмды, сегіз бүлдіршін ауруханаға жеткізілді, олардыӊ екеуі жан сақтау бөліміне түсті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны