20.05.2015, 23:25 3994

Алматыда балабақшада зардап шеккен бүлдіршіндерге көмекке шыққан "жедел жәрдем" апатқа ұшырады

Естеріӊізге салып өтсек, бүгін қара түсті джип №58 балабақшаныӊ шарбағына соғылып, аула ішіндегі үйшікті қиратқан. Сол сәтте алаӊда ойнап жүрген 5 жасар қыз көз жұмды. Тағы тоғыз бүлдіршін ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таӊда екі бала жан сақтау бөлімінде жатыр.

Алматы. 20 Мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда № 58 балабақшада зардап шеккен балаларға көмек көрсету үшін жолға шыққан жедел жәрдем бригадасы апатқа ұшырады. Бұл туралы BNews.kz Алматыныӊ денсаулық сақтау басқармасы басшысыныӊ орынбасары Бағдагүл Ибдірасыловаға сілтеме жасап хабарлайды. Бір қызметкер ауыр жараланған, ал екіншісініӊ жарақаты жеӊіл, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жолға шыққан жедел жәрдем, үшінші бригада апатқа ұшырады. Балабақшадан хабар келіп түскеннен кейін дәрігерлер үш бригаданы аттандырған. Екі бригада еш кедергісіз жетті, ал үшінші көлікке көрші қатардағы машина жол бермей қойған. Ниссан автокөлігін тізгіндеген жүргізушініӊ кім екені әзірге анықталған жоқ. Жол-көлік оқиғасы Алтынсарин-Абай көшелерініӊ бұрышында орын алды. Салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып, ішінде отырған екі ақ халатты жараланды. Бас сүйек-ми жарақатын алған фельдшер №7 қалалық аурухананыӊ нейрохирургия бөліміне жеткізілді. Екінші қызметкердіӊ жарақаты жеӊіл, дәрігерлердіӊ қарауынан кейін ол үйіне жіберілді", - деді Б.Ибдірасылова.

Естеріӊізге салып өтсек, бүгін қара түсті джип №58 балабақшаныӊ шарбағына соғылып, аула ішіндегі үйшікті қиратқан. Сол сәтте алаӊда ойнап жүрген 5 жасар қыз көз жұмды. Тағы тоғыз бүлдіршін ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таӊда екі бала жан сақтау бөлімінде жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны