16.02.2015, 18:02 3616

Алматыда банк ғимаратына "жарылғыш зат қойған" күдікті іздестірілуде - қалалық ІІД

Алматыда банк ғимаратына "жарылғыш зат қойған" күдікті іздестірілуде. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда банк ғимаратына "жарылғыш зат қойған" күдікті іздестірілуде. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Банкке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен соӊ қалалық ІІД жедел әрекет ету қызметтері, "Арлан" арнайы жасағыныӊ жігіттері мен кинологтар комиссиондық тексеру жүргізді.Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат табылмады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Алмалы ауданыныӊ ІІБ негізінде құрылған іздестіру тобымен қазір сотқа дейінгі тексеру басталып кетті. Кейін ҚР ҚК 273 бабы - лаӊкестік акт жайлы жалған хабар тарату бойынша қылмыстық іс қозғалады. Полиция қызметкерлері қазір хабарлама таратқан адамды іздестірумен айналысуда", - қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Изірбек.

Айта кету керек, күндіз Алмалы ауданында орналасқан 5 қабатты ғимараттан барлық жұмыскерлер қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері аймақты қоршауға алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны