15.05.2018, 16:25 7592

Алматыда барлық базарлар жаӊарады

Бүгінгі күні еліміздіӊ еӊ ірі қаласында 57 базар жұмыс істейді. Соӊғы бес жыл ішінде қала басшылығы "қызыл жиекке" орналасқан, санитарлық нормалар мен мегаполистіӊ архитектуралық келбетіне сай келмейтін 20-дан астам базарды жойды. Қазіргі кезде олардыӊ орнына жүргінші аймақтары, қоғамдық көлік үшін кеӊейтілген жолдар, жер үсті өтпелі жолдары пайда болды.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan Today - Сауданы заманауи форматқа көшіру және салық түсімініӊ ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мегаполистіӊ барлық базарлары жаӊаратын болады.

Бүгінгі күні еліміздіӊ еӊ ірі қаласында 57 базар жұмыс істейді. Соӊғы бес жыл ішінде қала басшылығы "қызыл жиекке" орналасқан, санитарлық нормалар мен мегаполистіӊ архитектуралық келбетіне сай келмейтін 20-дан астам базарды жойды. Қазіргі кезде олардыӊ орнына жүргінші аймақтары, қоғамдық көлік үшін кеӊейтілген жолдар, жер үсті өтпелі жолдары пайда болды.

Дегенмен, қалада әлі де болса сауданыӊ кішігірм талаптарына жауап бермейтін базарлар бар, ал кәсіпкерлер контейнерлер мен дүӊгіршіктерде жұмыс жасауда. Қаланы одан әрі дамыту үшін мұндай базарлар алынуы тиіс. Жуырда ғана "Кар Сити" сауда орталығы алдындағы 100-ден астам сауда мен қоғамдық тамақтану нүктелері жойылды. "Рахат" базары маӊын жалға беру мерзімі аяқталысымен оныӊ айналасына қалалықтар үшін аллея жасау жоспарланған.

"Қазіргі кезде 16 базарды жаӊарту жұмыстары жүзеге асты, олардыӊ меншік иелері 16 миллирд теӊгеден астам инвестиция бөлді. Жыл аяғына дейін тағы да алты базар реконструкцияланады. Бесеуі модернизациялануда және жаӊарту жұмыстары келер жылы аяқталады", - деп хабарлайды Алматы әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Қала басшылығы базарларды модернизациялаудыӊ бірқатар нақты шарттарын белгіледі, яғни оларда стационарлық нысан міндетті түрде салынуы, нысандардыӊ барлығы санитарлық -эпидемиологиялық нормаларға, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болуы және көлік тұрағыныӊ бар болуы, еліміздіӊ салық заӊнамасы қатаӊ сақталуы тиіс, сонымен қатар кәсіпкерлер тіркеуден өткені және POS-терминалдар мен кассалық аппараттардыӊ болғаны жөн.

Базарларды модернизациялау қазірдіӊ өзінде тиімді болуда. Соӊғы жылда көтерме-бөлшек сауда айналымы қалада 3,4%-ға артып, 12,8 трлн. теӊгені құрады. Бұған сауда алаӊын мен сауда орындарыныӊ санын ұлғайту және кәсіпкерлер жұмысыныӊ ашықтығын қамтамасыз ету арқасында қол жетті.

Айта кетерлігі, Алматыда биылғы жылы қолайлы қала кеӊістігін жасау мақсатында бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен "Астана" алаӊынан өзге мегаполистіӊ бірқатар негізгі даӊғылдары жаӊарады. Орталықтандыру қағидасы бойынша қаланыӊ барлық аудандарында 600 аула қайта жасалып, ұзындығы 155 шақырым болатын 157 көше жөнделеді және 30 шақырымнан асатын жүргінші тротуарлары салынады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны