22.09.2009, 14:27 3140

Алматыда бастамашы топ Бүкіләлемдік автокөліктен бас тарту күні "темір тұлпардан" бас тартуға тырысуға шақырады

Алматыда бастамашы топ Бүкіләлемдік автокөліктен бас тарту күні "темір тұлпардан" бас тартуға тырысуға шақырады

Алматы. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін, 22 қыркүйек - Бүкіләлемдік автокөліктен бас тарту күні, осыған байланысты Алматыды "Вело-Алматы" деп аталатын бастамашы топ бүгінгі күні "темір тұлпардан" бас тартуға тырысуға шақырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Өз автокөлігіңізді үйіңізде қалдырып, қала ішінде қоғамдық көлікпен, велосипедпен немесе жаяу жүруге тырысыңыз", - деп үндейді бастамашы топ.

"Алматылықтар, болымсыз ғана жақсы іс тындырып, 22 қыркүйекте өз көлігіңізді үйде қалдырыңыз. Жаяу серуенге шығыңыз және өз қалаңызға тым құрыса жалғыз күн көліктен емес, өз көзіңізбен қараңызшы! Мүмкін сізге бұл ұнап қалатын шығар?" - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны