09.11.2015, 10:21 3572

Алматыда Батырхан Шүкеновтіӊ құрметіне Кеӊсай зиратында мемориал кешені ашылды

Автор Исел Есжанованыӊ ойына сәйкес, скрипка кілтініӊ үстінен орган аспабыныӊ 52 трубасы салынды. Бұл батырдыӊ 52 жасын білдіреді.

Алматы. 9 қараша. Kazakhstan Today - Алматыда Батырхан Шүкеновтіӊ құрметіне Кеӊсай зиратында мемориал кешені ашылды. Бұл туралы марқұмныӊ арт-директоры, отбасыныӊ досы Олжас Байқанов айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Батырдыӊ достары, жағдайы жақсы адамдар осы ескерткішті қоюға көмектесті. Оныӊ отбасы да өз көмек қолын ұсынды. Кешен өте қымбат, бірақ талғаммен жасалды", - деді О.Байқанов, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қою жасыл түсті Қордай тасынан жасалған кешен жарты ай түрінде жасалған. Сол жағында скрипка кілті бейнеленген.

Ескерткіш тақтасыныӊ биіктігі 2,15 метр. Оӊ жағында саксофон ұстаған Батырдыӊ бейнесі бейнеленген.

Автор Исел Есжанованыӊ ойына сәйкес, скрипка кілтініӊ үстінен орган аспабыныӊ 52 трубасы салынды. Бұл батырдыӊ 52 жасын білдіреді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны