14.12.2012, 11:42 3085

Алматыда бейнебақылау құралдары 65 мың жол ережесін бұзу оқиғасын тіркеген

"Алматы жол полициясы қызметі соңғы жылдары бейнебақылау арқылы 65 мың жол қозғалысын бұзушыны анықтады. Бұл фактілер бойынша 248 мың теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Қазіргі таңда бейнебақылауға түсіп қалған көлік жүргізушісі айыппұлды төлемейінше, өз көлігін есептен шығара алмайды, көлігін қайта тіркей алмайды, әрі техникалық бақылаудан өте алмайды", - деді қалалық ІІД басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

Алматы. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда бейнебақылау құралдары 65 мың жол ережесін бұзу оқиғасын тіркеген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

БҰл туралы BNews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Алматы жол полициясы қызметі соңғы жылдары бейнебақылау арқылы 65 мың жол қозғалысын бұзушыны анықтады. Бұл фактілер бойынша 248 мың теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Қазіргі таңда бейнебақылауға түсіп қалған көлік жүргізушісі айыппұлды төлемейінше, өз көлігін есептен шығара алмайды, көлігін қайта тіркей алмайды, әрі техникалық бақылаудан өте алмайды", - деді қалалық ІІД басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

Қалалық жол полициясы басқармасының мәлімдеуінше, жыл басынан бері қалада 250 мың жол қозғалысы ережесін бұзу ережесі тіркеліп, аталған фактілер бойынша 950 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Сонымен қатар, мас күйінде көлік жүргізген 3517 адам ұсталып, 5 мың адам көлік жүргізу құқығынан айрылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны