17.02.2017, 22:00 7736

Алматыда "Бейсетай Дәуренбеков және 12 тағдыр" атты жаӊа деректі фильмніӊ көрсетілімі өтті

Деректі фильмде Алматы облысында суға кеткен 12 баланы құтқарып қалған Бейсетай Дәуренбековтыӊ ерлігі баяндалады. Картинада бас кейіпкердіӊ өзі және аман қалған адамдар өз естеліктерімен бөліседі.

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Бейсетай Дәуренбеков және 12 тағдыр" атты жаӊа деректі фильмніӊ көрсетілімі ұйымдастырылды,- деп хабарлайды "Қазақфильм" киностудиясы.

Фильмніӊ режиссері Қайрат Қуанышбаев.

Деректі фильмде Алматы облысында суға кеткен 12 баланы құтқарып қалған Бейсетай Дәуренбековтыӊ ерлігі баяндалады. Картинада бас кейіпкердіӊ өзі және аман қалған адамдар өз естеліктерімен бөліседі.

- Бұл оқиға туралы меніӊ досым - суретші Жанұзақ Мүсәпір айтып берген болатын. Фильмніӊ басты кейіпкері жасаған ерлік кез келгенніӊ қолынан келе бермейді. Осындай жанқиярлық әрекетті жасау оныӊ тағдырына жазылған болар, - деді картинаныӊ режиссері Қайрат Қуанышбаев.

Фильмніӊ түсіру жұмыстары Алматы облысына қарасты Іле-Балқаш аудандарында Ақжар және Аралтөбе ауылдарында бір ай ішінде жүргізілді.

Бүгінде 78 жастағы Бейсетай Дәуренбеков Алматы облысында тұрады. Аман қалған 12 оқушы арасында қазақ, орыс, белорус, поляк, шешен ұлтыныӊ өкілдері бар және бәрі де Бейсетай Дәуренбековпен араласып, кездесіп тұрады. Тіпті кейбіреулері арнайы шетелден ұшып келеді.

Режиссері және сценарий авторы: Қайрат Қуанышбаев

Операторы: Алексей Кирюхин

Дыбыс режиссері: Андрей Влазнев

Кеӊесші: Жанұзақ Мүсәпір

Фильм туралы: Деректі фильмде Алматы облысында 1972 жылы 18 желтоқсанда орын алған қайғылы оқиға баяндалады. Интернатта тәрбиеленуші 15 бала отырған паром аударылып кетеді. Ауылда көлік жүргізуші болып істейтін Бейсетай Дәуренбеков он екі оқушыны құтқарып қалғанымен, үш бала суға ағып кетеді.

Режиссер туралы:

Қайрат Қуанышбаев - кино және телевизия режиссері. Бүкілодақтық Мемлекеттік кинеметография институтынан (ВГИК) кейін телеарналарда бағдарламалардыӊ режиссері ретінде жұмыс істейді. Ир жылдары Қайрат Қуанышбаев "Құрақ көрпе", "Жоғалған жұмақ" және "Махаббат жағасы" көркем фильмдерінде екінші режиссер болып қызмет жасады. 2013 жылы Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында "Түс болжау" атты қысқаметражды фильмді түсіреді. Сонымен қатар Қ.Қуанышбаев "Майлықожа" (Қазақфильм, 2014 ж.) және "Берел" (Қазақфильм, 2015 ж.) атты деректі фильмдерді жарыққа шығарған.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны