28.03.2013, 14:52 4223

Алматыда БЭК-ке арналған "Бәсекелестік туралы" моделдік заң жобасы талқылануда

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыда Бірыңғай экономикалық кеңістік мемлекеттері үшін "Бәсекелестік туралы" моделдік заң жобасын талқылау бойынша екінші ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

Алматы. 28-наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда БЭК-ке арналған "Бәсекелестік туралы" моделдік заң жобасы талқылануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыда Бірыңғай экономикалық кеңістік мемлекеттері үшін "Бәсекелестік туралы" моделдік заң жобасын талқылау бойынша екінші ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

Конференцияны ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің төрағасы Қайрат Келімбетов ашты. Ол өз сөзінде "Бәсекелестік туралы" модельдік заңның қабылдануыБЭК-тің тиімді жұмыс істеуі және дамуы үшін қажет екенін атап өтті.

"БЭК-ке мүше мемлекеттер дік кәсіпорындары үшін түрлі бәсекелестік жағдайлар ұлттық экономикалық бәсекеге қабілеттілік пен жалпы өңірлік тұрақтылықты арттырудың факторы боп табылады. Сондықтан модельдік заңды қабылдау Еуропалық экономикалық кеңесті құру және ықпалдастық процестерді қамтамасыз ету үшін аса қажет. Модельдік заң - Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттерінің басшылары қол қоятын және бәсекелестік бойынша ұлттық нормаларды үндестірудің әрекет етуші құралы боп табылатын заңнамалық акті. Ол ұлттық заңнамаларды ортақ ілгерінді қорытындыға келтіру үшін өлшем болуы тиіс", - деп атап өтті Қайрат Келімбетов.

"Бәсекелестік туралы" модельдік заң кепілдемелік сипатқа ие, Қ.Келімбетовтің айтуынша, оны қабылдау БЭК мемлекеттерінің бәсекелестік саясаты саласында экономикалық қарым-қатынастарды құқықтық реттеуді жақындастыруға ықпал етеді.

Заңға үш елдің заңнамаларындағы үздік нормалар, сондай-ақ әлемдік тәжірибе енуі тиіс.

Одан скейін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов сөз сөйледі.

А.Есімовтың айтуынша, Бірыңғай экономикалық кеңістікті дамыту тәжірибе жинауға мүмкіндік береді және бұл ДСҰ-ға кірер алдында аса маңызды.

"Дайын өнімнің экспортына негізделген өндірісті құру және дамыту бізге аса қажет. Алматы қаласының Кедендік одақ бойынша серіктестерімен жұмыстың бірінші жылында-ақ тауар айналымы 3 есе ұлғайды. Бірақ, Кедендік одақ елдерінің техникалық реттеу саласындағы қадағалау қызметтері әрекеттерінің келісілмегендігіне байланысты проблемалар да бар. Бұл әділ емес бәсекелестікті дамытуға арқау болары сөзсіз. Бәсекелестікті реттеу процесін оңтайландыру бойынша нақты ұсыныстар дайындау конференцияның негізгі міндеті боп табылады", - деді Ахметжан Есімов.

"БЭК аясындағы бірыңғай бәсекелестік саясаты" баяндамасымен Монополияға қарсы реттеу бәсекелестігі бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының мүшесі Нұрлан Алдабергенов сөз сөйледі. Ол World Competition Review халықаралық рейтингінде көш бастап тұрған елдердегі монополияға қарсы заңнамаларға талдау жасап, монополияға қарсы және құн саясаты саласындағы Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының тәжірибелерін салыстырды.

Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясының басшылары "Бәсекелестік туралы" модельдік заңды 2013 жылдың шілдесіне дейін қабылдауы тиіс.

БЭК конференциясы Алматыда 2013 жылғы 28-29 наурыз күндері өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны