13.04.2017, 15:45 5174

Алматыда белгілі мемлекет қайраткері Нұртас Оӊдасынов туралы деректі фильмніӊ тұсаукесері өтті

Нұртас Оӊдасынов Қазақстан Үкіметін еӊ ауыр -Ұлы Отан соғысы кезінде және соғыстан кейінгі жылдарда республиканыӊ ішкі экономикасы мен мәдениетініӊ, ғылым-білімініӊ дамуына барынша күш сала отырып жан-жақты дамыта басқарған дара басшы.

Алматы. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрында ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша "Қазақфильм" АҚ және "Алматыфильм" киностудиялары бірлесіп, Гүлсім Оразалиеваныӊ "Нұртас Оӊдасынов" атты кітабыныӊ желісі бойынша түсірген мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы Оӊдасыновтыӊ өмірі мен қызметін баяндайтын деректі фильмніӊ тұсаукесері өтті. Фильмніӊ режиссеры Оӊдасын Тастанов.

Деректі фильмніӊ тұсаукесеріне бірқатар белді тұлғалар және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығыныӊ лауреаты, Оӊдасыновтанушы Г. Оразалиева қатысты.

Нұртас Оӊдасынов Қазақстан Үкіметін еӊ ауыр -Ұлы Отан соғысы кезінде және соғыстан кейінгі жылдарда республиканыӊ ішкі экономикасы мен мәдениетініӊ, ғылым-білімініӊ дамуына барынша күш сала отырып жан-жақты дамыта басқарған дара басшы.

Ол Соғыс жылдарында республикамызда Ғылым Академиясыныӊ жеке шаӊырақ көтеруіне, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институты мен Ұлттық Консерваториясын құруға, Шет тілдер, Дене тәрбиесі және барлық облыс орталықтарында Мұғалімдер институтыныӊ ашылуына бірден бір ұйтқы болған қайраткер тұлға.

Ал, бүгінгі "Қазақфильмніӊ" негізі сол уақыттан бастау алады. Басқа республикаға эвакуациямен кетіп бара жатқан "Мосфильм" мен "Ленфильмді" Қазақстан Үкіметі атынан арнайы Қазақстанға шақыртқан да Нұртас Оӊдасынов. Екі киностудияныӊ хас шеберлерініӊ қолдауымен "Райхан", "Абай әндері" фильмдері түсірілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны