19.06.2012, 11:52 3104

Алматыда биыл 28 мың ағаш отырғызылды

Алматыда биыл 28 мың түп сәндік ағаш, 8 мың терек, жөке, қайың отырғызу жоспарланған болатын.

Астана. 19-маусым. Kazakhstan Today - Алматыда биыл 28 мың ағаш отырғызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматыда биыл 28 мың түп сәндік ағаш, 8 мың терек, жөке, қайың отырғызу жоспарланған болатын.

Көктемде оның 16 мыңы саябақтар мен скверлерде, жол бойына отырғызылды. Ағаш отырғызу науқаны енді күз маусымында қайта жалғасатын болады.

Қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметіне қарағанда, шаһарда ағаш отырғызылатын алаң көлемі соңғы жылдары жыл сайын ұлғайып келеді. Мәселен, 2010 жылы 24 мың түп ағаш отырғызылса, 2011 жылы - 27 мың, ал биыл ол 28 мыңға жетпек. Алматыда жалпы бүгінгі күнге дейін 1 млн. 300 мың ағаш бой көтерген. Оның 39 мыңы - бұрынғы ескі ағаштардың орнына отырғызылғандар. Соңғы екі жыл ішінде 22 мың апатты ескі ағаштар кесілді. Енді осындай жағдайдағы тағы 18 мың ағаш 2012-2013 жылдары жойылатын болады. Оның 9 мыңға жуығы биыл кесілмек. Бүгінгі күнге дейін олардың 5086-сы жойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны