27.07.2018, 21:38 8838

Алматыда биыл көпқабатты 132 үйдегі тоқсаты жаӊғыртылды

Ал биыл жалпы, 300-ге жуық жеделсаты жаӊғыртылады. Тұрғын үй шаруашылығын жаӊғырту бағдарламасы Алмалы ауданында қарқынды жүргізілуде. Ауданда биыл көпқабатты 33 үйдіӊ тоқсатысы ауыстырылмақ

Алматы. 27 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда тоқсатылар жаӊартылып жатыр. Осы уақытқа дейін қалада 132 көпқабатты үйдіӊ тоқсатысы жаӊартылған.

Ал биыл жалпы, 300-ге жуық жеделсаты жаӊғыртылады. Тұрғын үй шаруашылығын жаӊғырту бағдарламасы Алмалы ауданында қарқынды жүргізілуде. Ауданда биыл көпқабатты 33 үйдіӊ тоқсатысы ауыстырылмақ, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Алмалы ауданындағы бұл көпқабатты үйдіӊ тұрғызылғанына жарты ғасырдан асқан. Содан бері жеделсатысы ауыстырылмапты. Қолданыста болғанына 50 жылдан асқан тоқсаты сыр бере бастаған. Жандарын шүбірекке түйіп отырып жүрген тұрғындар оны жаӊғыртуды бір ауыздан қолдап, қазір оны алмастырыпты.

"Жеделсатыға қорқынышпен кіретінбіз. Жоғары қабаттан төменге жете аламыз ба деп үрейленетінбіз. Себебі, ол жүргенде теӊселіп тұратын. Тоқтап тұрып қалатын кездері де жиі болатын. Жалпы, бұл үйде 8 подъезд бар. Соныӊ үшеуініӊ жеделсатысы ауыстырылды. Жыл аяғына дейін тағы екеуін жаӊғыртпақпыз", - дейді Александра Комарова.

"Ақшасы көп емес. Біз 3 бөлмелі пәтерге мыӊ теӊге көлемінде ақша төлейміз. Ары қарай баға төмендей береді. 2 бөлмелі пәтер азырақ төлейді. Өте тиімді", - дейді қала тұрғыны Нұргүл Қажытай.

Ал Қожамқұлов көшесіндегі мына үйдіӊ жеделсатысы жақында ауыстырылмақ. Осы уақытқа дейін 70 пайыздан аса азамат оны ауыстыруға өз келісімін берген.

"Аптасына бір рет тоқтап қалуы мүмкін. Егер жарық болмаса дұрыс жұмыс істемей қалады. Дегенмен, бәріміз ауысқаны дұрыс деген оймен қол жинап жатырмыз", - деді тағы бір тұрғын Айман Омарова.

Алмалы ауданында осы жылы тұрғын үй шаруашылығын жаӊғырту бағдарламасыныӊ аясында көпқабатты 33 үйде 75 жеделсаты жаӊасына ауыстырылмақ. Осы уақытқа дейін теӊ жартысы алмастырылған.

"Алмалы ауданында 1402 көп қабатты үйлер орналасқан. Соныӊ ішінде 503 үйде 854 тоқсаты орнатылған. Жаӊғырту бағдарламасы бойынша 2017 жылы 15 үйде 40 тоқсаты ауыстырылған болатын", - деді Алматы қаласы Алмалы ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімініӊ басшысы Руслан Айтанов.

Алматы қаласыныӊ тұрғын үй қорында шамамен 3700 жеделсаты бар. Соныӊ ішінде, 1500-ден астамы ауыстыруды қажет етеді. Тұрғын үйді жаӊғырту бойынша биыл қалада 266 тоқсаты жаӊасына ауыстырылады. Ол өӊірлерді дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны