09.04.2018, 20:14 7009

Алматыда биылғы жылы қаланыӊ тарихи орталығын жаӊарту одан әрі жалғасады

Жалпы, биылғы жылы қаланыӊ тарихи орталығын жаӊарту одан әрі жалғасады. Ғимараттардыӊ сырты жаӊарады, жүргінші аймақтары кеӊейеді, кіру топтары бірыӊғай архитектуралық сипат алады. Жоба Мемлекет басшысыныӊ Жолдауы аясындағы мегаполисті модернизациялау және одан әрі экономикалық дамытуға қатысты жасалған "Алматыны дамытудыӊ 50 драйверініӊ" бірі болып табылады

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Бауыржан Байбек жұмыс істемейтін субұрқақтарды қалпына келтіруді және жасыл желек аумағын ұлғайтуды тапсырды.

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Абай, Абылай хан, Желтоқсан, Назарбаев даӊғылдарын және басқаларын аралап көрді. Қаланыӊ тиісті басқармалары мен коммуналдық қызметіне бұрыннан бар субұрқақтарды қалпына келтіруді, жүргінші аймағы мен тротуарларды ұлғайтуды,нысандар жанындағы жасыл желекті түзеуді, тарихи ғимараттардыӊ сыртына ежелгі келбетін қайтаруды тапсырды.

"Қаланыӊ тарихи орталығын жаӊарту - таяу арада атқарылатын үлкен жұмыстардыӊ басы ғана. Қазір біз төгілген асфальтты, жүру аймағындағы түрлі құрылыстарды, көлік арасынан амалсыз өтетін жандарды, өзі әдемі болғанымен сыртына түсініксіз нәрселер жапсырылған тарихи ғимараттарды көрудеміз. Ир квартал, әрбір көше жөнделіп, ретке келтіріледі. Алматыныӊ бұрынғы тартымдылығын қайтаратын кез жетті", - деді Бауыржан Байбек.

Алматы әкімі жұмыс сапары барысында күрделі жөндеуден өтетін бірқатар жер асты өтпелі жолдарды да көрді. Мегаполис басшысы бұлар жөнделетін кезде бұрылыстарда жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуді тапсырды.

Жалпы, биылғы жылы қаланыӊ тарихи орталығын жаӊарту одан әрі жалғасады. Ғимараттардыӊ сырты жаӊарады, жүргінші аймақтары кеӊейеді, кіру топтары бірыӊғай архитектуралық сипат алады. Жоба Мемлекет басшысыныӊ Жолдауы аясындағы мегаполисті модернизациялау және одан әрі экономикалық дамытуға қатысты жасалған "Алматыны дамытудыӊ 50 драйверініӊ" бірі болып табылады.

Еске салсақ, бұрындары Бауыржан Байбек тротуарлардыӊ бойында түрлі құрылыстар жүргізіп, жаяу жүргіншілерге көп кедергі келтіретіндерді анықтау жөнінде тапсырма берген еді. Стихиялы тұрақтардыӊ алдын алу, жүргіншілердіӊ қауіпсіздігін арттыру үшін көше қозғалысы қысқарып, тротуарлар абаттандырылады.

Алматыда 2018 жылы ұзындығы 155 шақырым болатын 157 көше жөнделеді, Мақатаев, Байтұрсынов және Жароков көшелеріндегі трамвай жолдары алынады.Жол жиегін жөндеу барысында тротуарлар абаттандырылады, арық науалары алмастырылады, қолданылмайтын конструкциялар жойылады, бұған қоса тұрақ қалталары қиғаштанады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны