03.07.2018, 18:56 3502

Алматыда биылғы жылы қоршаған ортаға экологиялық жүктемені төмендету үшін бірқатар жобалар жүзеге асады

Алматы әкім Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қоқыс сұрыптайтын жаӊа кешенніӊ, газбен жүретін автобустар үшін салынып жатқан коммуналды парктіӊ және электроавтобустардыӊ соӊғы түрін шығаратын зауыт құрылыстарыныӊ қарқынын тексерді.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan Today - Алматы әкім Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қоқыс сұрыптайтын жаӊа кешенніӊ, газбен жүретін автобустар үшін салынып жатқан коммуналды парктіӊ және электроавтобустардыӊ соӊғы түрін шығаратын зауыт құрылыстарыныӊ қарқынын тексерді.

Мегаполис басышысы EXPO-2017 мұрасы аясында бұл жобалардыӊ және "Алматыны дамытудыӊ 50 жобалары - драйверлері қалалық бастамасыныӊ заманауи әрі маӊызды екенін, өйткені олардыӊ барлығы соӊғы инновациялық технологияларды тартатынын, жаӊа жұмыс орындарын құратынын, сонымен қатар қаланыӊ қоршаған ортасына түсетін экологиялық жүктемені төмендететінін атап өтті. "FalconEuroBus" қазақстандық - неміс компаниясы автопарктіӊ және электроавтобустардыӊ үшінші түрін шығаратын зауыттыӊ құрылыстарын жүргізуде. Қазіргі кезде жалпы алаӊы 7 мыӊ шаршы метр болатынжинау және сырлау цехыныӊ, жабық тұрақ пен қойма бөлмелердіӊ құрылыстары аяқталып қалды. Бірінші кезекте өндірістіӊ шектелуі 20%-ға дейін болса, кейін оныӊ үлесі арта түседі. Жобадағы жеке инвестиция көлемі 15 млрд. теӊгені құрайды.

Жұмыс сапары барысында қала әкімі жылдық қуаты 550 мыӊ тонна ТҚҚ-ды өӊдейтін қоқыс сұрыптайтын жаӊа кешен құрылысын да тексерді. Қазіргі кезде кешенніӊ шатыры жасалуда, коммуникация жүргізілуде. Жақын арада орнатылған итальяндық жабдықтар іске қосылып, жөндеу жұмыстары аяқталады.

Жоба жүзеге асқанда ТҚҚ сұрыпталады, тасымалданады, жұмыстыӊ барлығы кешенді басқару жүйесі арқылы атқарылады, ал полигонға көму үшін қауіптілігі төмен және биобұзылғыш заттар жіберіледі, кейін оларды да өӊдеу қолға алынады. Құрылыс объектісі жеке инвестиция есебінен салынуда.

Газбен жұмыс істейтін 200 жолаушы автобусына қызмет көрсететін жаӊа коммуналды автобус паркініӊ құрылысы кестеге сай жүруде. Негізі нысан мен май құю станциясыныӊ металлконстуркцияларын монтаждау жұмыстары аяқталды. Қойма мен көлік жуатын орындардыӊ іргетасы құйылды. "Green Bus Company" тасымалдаушыларымен жылжымалы составты алу мәселелері талқылануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны