19.04.2018, 13:20 6433

Алматыда биылғы жылы тағы 600 аула жөнделетін болады

Алматыда биылғы жылы ұзындығы 155 км болатын 157 көшені жөндеу, сонымен қатар Мақатаев, Байтұрсынов және Жароков көшелеріндегі трамвай жолдарын алып тастау мен оларды абаттандыру жоспарланған. Алматыны реконструкциялау аясында бірқатан негізгі даӊғылдар мен көшелер, соныӊ ішінде Абай, Абылайхан, Достық, Назарбаев даӊғылдары және басқалары жаӊарады, модернизацияланады.

Алматы. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы әкімі күнделікті жұмыс сапары барысында мегаполистіӊ көшелері мен аулаларын абаттандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді және Бостандық ауданындағы Гагарин көшесініӊ жөнделуін тексерді.

Алматыда биылғы жылы ұзындығы 155 км болатын 157 көшені жөндеу, сонымен қатар Мақатаев, Байтұрсынов және Жароков көшелеріндегі трамвай жолдарын алып тастау мен оларды абаттандыру жоспарланған. Алматыны реконструкциялау аясында бірқатан негізгі даӊғылдар мен көшелер, соныӊ ішінде Абай, Абылайхан, Достық, Назарбаев даӊғылдары және басқалары жаӊарады, модернизацияланады.

Гагаирн көшесін аралаған кезде қала басшысына жыл аяғына дейін Бостандық ауданында 36 көшеніӊ жөнделетіні, 11 қосымша бекет кешендерініӊ орнатылатыны баяндалды. Ұзындығы 7,4 км. болатын арық жүйесі жаӊарады. 12 жер асты және 7 жер үсті өтпелі жолдарды жөндеу жоспарланған. Аудан тұрғындарыныӊ өтініші бойынша "Южный" және "Дружба" саябақтары ретке келтіріледі.

Гагарин көшесі бойындағы тротуарлар жүргіншілер үшін абаттандырылады, арық науалары қойылып, қажетсіз конструкциялар мен қоғамдық кеӊістіктегі заӊсыз құрылыстар алынады, көшелер жасылдандырылады.

Сонымен қатар, егер өткен жылы Бостандық ауданында 30 аула күрделі жөндеуден өтсе, биылғы жазда 130 аула жаӊарады.

"Шындығына келсек, әрқайсымыз үшін қала өз ауламыздан басталады. Көшелер мен даӊғылдарды қайта жаӊғыртып, алматылық аулалардыӊ қазіргі жағдайына көз жұмып қарай алмадық. Сондықтан Мемлекет басшысыныӊ Жолдауын және "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасын" ескере отырып, біз бюджетті қайта қарап, оған барынша әлеуметтік негіз бердік, әрі нақтылы жобалар мен нәтижелерге бағыттадық. Егер өткен жылы біз 455 аула алаӊдарын абаттандырсақ, биылғы жылы қаланыӊ барлық аудандарында 585 аула қосымша жөнделетін болады", - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, Алматы әкімі бұрындары тротуарларды тексеруден өткізіп, жаяу жүргінші қозғалысын қиындататын заӊсыз салынған құрылыстардан арылуды тапсырған еді. Стихиялы тұрақтардыӊ алдын аалу және жүргінші қауіпсіздігін күшейту мақсатында көшеден кіретін қозғалысты тарылту және тротурарларды тиісінше көркейту жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны