03.07.2017, 14:11 4483

Алматыда біқатар кадрлық тағайындаулар болды

Қазақстан Республикасы Президентініӊ кадр саясаты жөніндегі Ұлттық комиссиясыныӊ ұсынысы және Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігініӊ келімісі бойынша Алматыда бірқатар кадрлық тағайындаулар болды.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президентініӊ кадр саясаты жөніндегі Ұлттық комиссиясыныӊ ұсынысы және Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігініӊ келімісі бойынша Алматыда бірқатар кадрлық тағайындаулар болды.

Алатау ауданыныӊ әкімі Бағдат Манзоров Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармасыныӊ басшысы, ал Жетісу ауданыныӊ әкімі Талғат Разақов Алматы қаласы Мемлекеттік еӊбек инспекциясы және көші-қон басқармасыныӊ басшысы болып тағайындалды.

Алматы әкімі Мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармасы жаӊа басшысыныӊ алдына принципті және жүйелі істі талап ететін бірқатар міндеттерді қойды.

Яғни, қалада салынып жатқан барлық нысандарға жүйелі бақылау жүргізілуі тиіс. Осы жылдар ішінде көптеген тұрғын кешендерініӊ, коммерциялық нысандардыӊ бірқатары заӊсыз салынған. Алматы әкімі құрылыс жүргізуге лицензия беру ісін реттеуді тапсырды. Өйткені,лицензия алған кейбір жауапкершілігі төмен құрылысшылар сапасыз нысан салады, соныӊ салдарынан тұрғындардан көп шағым түседі.

Алматы әкімі Мемлекеттік еӊбек инспекциясы және көші-қон басқармасы жаӊа басшысы алдына да жаӊа міндеттер қойды, басқарма жұмысын түбегейлі өзгертуді, сараптама жасауға басты назар аударуды, нақтылы мәселелерді жүйелі шешуді тапсырды.

Жалақы төлеудегі қарыз мәселесін нақтылы шешіп, жұмысты оӊтайландыру қажет екенін атап өтті. Еӊбекақы бойынша қарыз болып қалмаудыӊ тиімді жолдарын іздестіру керектігін айтты. Зейнетақы төлу Орталығымен, салық жөніндегі мемлекеттік кіріс департаментімен бірігіп жұмыс істеу керектігін нақтылады. Қазіргі кезде Мемлекеттік еӊбек инспекциясы тек шағым түскен кезде қимылдайды, мұндай немқұрайдылыққа жол берілмеуі тиіс екенін жеткізді.

Алматы әкімі жаӊа басшыныныӊ назарын көлеӊкелі экономика мәселелерін шешуге, соныӊ ішінде көлеӊкелі жұмыс күшініӊ заӊсыздығына, құрылыста қауіпсіз еӊбекті қамтамасыз етуге аударды. Зейнетақы қорына қаржы аудармай, салық төлемей, конвертпен жалақы алатындарбар екені, кәсіпорындарда көптеген қайғылы жайттардыӊ орын алатындығы жасырын емес. Міне, осы келеӊсіз жайттардыӊ барлығына тосқауыл қойылуы тиіс.

Анықтама:

Алатау ауданы 9 жыл ішінде жедел қарқынмен дамыды, мұнда 4 жаӊа емхана, 9 мектеп, 12 мемлекеттік бала бақша, Атлеттер ауылы, "Алматы арена" салынды. "Алғабас-6", "Нұркент", "Ақкент" ықшам аудандарында тұрғын кешендерініӊ құрылысы жалғасуда. 9 жыл ішінде ауданда өндіріс өнімі 12 ,3 есе, инвестиция 32 есе өсті. Салық түсімі 3 есе артып, 22,5 млрд. теӊгені құрады.

Жетісу ауданында соӊғы 4 жыл ішінде салық түсімі 21%-ға артты, өндіріс өнімі 30 млрд. теӊгеге (22%) жетті, негізі капитал инвестициясы екі есе өсті, 14 жеке бала бақшалар мен 11 миниорталықтар ашылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны